Тәуелсіздік – тәу етер киеміз.
Тәуелсіздік – тәу етер киеміз.
Уақытпен жылжып, Тәуелсіздік мерекесі де келіп қалды. Тәуелсіздік күнінің орны ерекше. Бұл еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн. Ұлыстың ұлы күні. Азаттық – ата-бабаларымыздың көптен көксеген асыл арманы еді. Сол асқақ арманға қол жетті. Кешегі қазақ жастарының өршіл мінезін танытқан Желтоқсан көтерілісі де жаңа тарихымызға елеулі із қалдырды. Биылғы жылы Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығын атап өткелі отырған Қазақ елі бұл күндері төрткүл дүниеге танымал. Тарих үшін соншалықты көп уақыт болмаса да, осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды. Экономикалық-әлеуметтік, саяси, қауіпсіздік мәселелерінде, оның ішінде жаһандық, өңірлік проблемаларға қатысты өз алдына дербес шешім қабылдай алатын, өз ұстанымына берік егемен мемлекет бола алатынымызды барлық қырынан айқындап, мойындаттық. Осы алаш жұрты үшін қаситетті де, қастерлі 16 - желтоқсан Тәуелсіздік мерекесін ұлықтап, жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында "Тәуелсіздік – тәу етер киеміз" атты акциясын бастадық. Осы алдағы 10 күн ішінде Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округінің оқушылар, жастары және аға буын өкілдерінің орындауындағы тәуелсіздік жайлы өлеңдер, әндер мен құттықтауларды ұсынатын боламыз.
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округі Ардагерлер кеңесі жанынан құралған әжелер алқасының төрайымы Ашикбаева Баян Рымбекқызы
