Жалағаш аудандық партия филиалының штабы ресми ашылды.
«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалында аумақтық сайлауалды штабының ресми ашылу салтанаты болып өтті. Оған аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, штаб төрағасы Қаншагүл Мұстафаева, өңірлік сайлауалды штабының мүшелері, зиялы қауым өкілдері және партиялық тізімдегі кандидаттар қатысты.Салатанатты ашылу рәсімінде «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ. Мұстафаева ашып бердіОл өз сөзінде 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңінің басталғандығын, аудандық филиал бұл шараға толықтай дайын екендігін жеткізді. Оның айтуынша аудандық сайлау комиссиясында 24 кандидатттан тұратын партиялық тізім тіркелген. Оның 21-і –праймериз жеңімпазы, 3-і партия филиалының квотасын алғандар.Сонымен бірге, штабтар жанынан үгіт…
