«Рахимов С» шаруа қожалығының еңбек ұжымымен кездесу.
2020 жылдың 11 желтоқсан күні Күршім ауылында қоғамдық штаб мүшелері «Рахимов С» шаруа қожалығының еңбек ұжымына және «ЦУМ» сауда үйінің 2 қабатында орналасқан базардағы жеке кәсіпкерлерге «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Кездесуді «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Қалелов, қоғам белсендісі Б.Өлмесеков, еңбек ардагері Г.Қожахметова жүргізді. Белсенді жастар сайлауалды үгіт-насихат материалдарын ұжым қызметкерлеріне және жеке кәсіпкерлерге таратып берді.
