Жалағаш аудандық партия филиалының штабы ресми ашылды.
«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалында аумақтық сайлауалды штабының ресми ашылу салтанаты болып өтті. Оған аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, штаб төрағасы Қаншагүл Мұстафаева, өңірлік сайлауалды штабының мүшелері, зиялы қауым өкілдері және партиялық тізімдегі кандидаттар қатысты.
Салатанатты ашылу рәсімінде «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ. Мұстафаева ашып берді
Ол өз сөзінде 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңінің басталғандығын, аудандық филиал бұл шараға толықтай дайын екендігін жеткізді. Оның айтуынша аудандық сайлау комиссиясында 24 кандидатттан тұратын партиялық тізім тіркелген. Оның 21-і –праймериз жеңімпазы, 3-і партия филиалының квотасын алғандар.
Сонымен бірге, штабтар жанынан үгіт жұмыстарын жүргізу үшін құрылған қоғамдық сайлауалды штабтың және ондағы 13 адамның жұмысына қажетті жағдайлар.
– Штаб төрағасы Қ.Шоңмұрынқызы өз сөзінде праймериз қатысушылары жергілікті мәселелерді ашық талқылап, шешу жолдарын қарастырып, ұсыныстар бергенін, олардың негізгі бөлігі біздің 5 жылға арналған бағдарламаларымызда ескерілгенін барлық ұсыныстар 7 басымдыққа топтастырылған сайлауалды бағдарламасының әзірленгенін және үміткерлер мен ұйымдастырушылардың барлық санитарлық нормалар сақтала отырып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.
Айта кетейік, ауданда жас буын арасында белсенді үгіт-насихат жұмысын ұйымдастыруға ынталы жастар бары қуантты. Олар «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері мен сенімге ие болған партияның жас өкілдері.
