Сайлауалды штабтың тұсаукесері
2020 жылы 11 желтоқсанда «Nur Otan» партиясының Саран қалалық филиалында штаб мүшелерінің, депутаттыққа кандидаттардың қатысуымен қалалық сайлауалды штабтың және қоғамдық қабылдау бөлмесінің тұсаукесері өтті.
Іс-шара барысында «NurOtan» партиясының Саран қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы партияның кезектен тыс конференциясында қалалық сайлауалды бағдарлама бекітілгенін айтып, бағдарламаның 7 негізгі бағытымен таныстырды. Сондай-ақ, сайлау уақытына жоспарланған үгіт-насихат жұмыстары туралы түсіндіріп, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, біз адамдардың проблемаларын естіп қана қоймай, оларды шешуіміз қажет. Партия мен қоғам арасындағы кері байланысты нығайтуымыз керек»,- деп атап көрсетті.
Тұрғындармен тікелей және шынайы диалог жүргізуге арналған арнайы сайт (nurotan2021.kz) іске қосылғанын айтып, сөз соңында партия мүшелерінің бірлігі пен ынтымағының арқасында кез келген биіктікті бірге бағындыра алатынына сенім білдірді.


