Жаңа
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Jas Otan»-ның Съезінде
Қазіргі кезде жігерлі әрі бастамашыл болудың маңызы ерекше. Өйткені біз тез өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп отырмыз. Көпшілікке таныс өмір салты артта қалғаны сөзсіз. Технологиялар мүмкіндіктеріміздің әлеуетін айтарлықтай арттыруда
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Jas Otan»-ның Съезінде
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Jas Otan»-ның Съезінде
Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. Бес жыл бұрын Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың ішінде оқу орнында бес мыңға жуық маман даярланды. Мемлекет іске қосқан әлеуметтік лифттердің арқасында мыңдаған жас қазақстандық табысқа жетті.
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Jas Otan»-ның Съезінде
Маңғыстаулық жастар "Jas Otan" ЖҚ V съезіне қатысты
Съезге Маңғыстау облысынан барлық қала мен аудандардан жастар ұйымдарының көшбасшылары, шығармашылық, жұмысшы, студент және ауыл жастарының өкілдерінен 40 шақты делегат бейнеконференция арқылы қосылды. Съезде Маңғыстаулық жастар атынан педагог Жігер Телюқанов сөз сөйледі.
Съезде 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы қабылданып, «Jas Otan» Орталық кеңесінің жаңа мүшелері сайланды. Маңғыстау облысы атынан белсенді жас, жайдарманшы Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Фазылбек Абылай Фазылбекұлы сайланды.
Съез барысында «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы Елнұр Бейсембаев Елбасыға жастар атынан жейде тарту етті.
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Jas Otan»-ның Съезі өтті
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.
– Мен бүгінгі таңда күллі қазақстандықтар мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.
– Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. Бес жыл бұрын Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың ішінде оқу орнында бес мыңға жуық маман даярланды. Мемлекет іске қосқан әлеуметтік лифттердің арқасында мыңдаған жас қазақстандық табысқа жетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы жастар қанатының мүшелеріне пандемия кезіндегі қайырымдылық шараларына және волонтерлік қызметке белсене атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жастар белсенділігі әрдайым саяси прогрестің қозғаушы күштерінің бірі болғанына назар аударды.
– Қазіргі кезде жігерлі әрі бастамашыл болудың маңызы ерекше. Өйткені біз тез өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп отырмыз. Көпшілікке таныс өмір салты артта қалғаны сөзсіз. Технологиялар мүмкіндіктеріміздің әлеуетін айтарлықтай арттыруда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы елді дамыту және Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту ісіне жастардың белсене атсалысуының маңызын атап өтті.
– Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек. Бүгін айтылғандардың бәрін менің өсиетім деп түсініңдер, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.



Үгіт-насихат кезеңінің басталуына орай "Jas Otan" ЖҚ белсенді жастарының челленджін жолдаймыз.
https://fb.watch/2jpDAC9aQQ/
#𝗻𝘂rt𝗼𝘁𝗮𝗻 #𝗷𝗲𝗻𝗶𝗺𝗽𝗮𝘇𝗯𝗼𝗹 #𝘁𝗮𝗻𝗱𝗮𝘆2021 #𝗯𝗶𝘇𝗯𝗶𝗿𝗴𝗲𝗺𝗶𝘇 #𝗷𝗮𝘀𝗼𝘁𝗮𝗻
Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өтті
Кездесуге сондай-ақ аудандық сайлауалды штаб мүшелері: Қуантқан Исаев, Тұрым Қалдығұлов, Түймеш Абдулаева, Айбарша Ордабаева қатысты. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы, Маңғыстау ауданын дамытудың 7 басым бағыты қарастырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жұмыстары, бүгінгі таңда жұмыс бағытындағы оң өзгерістер айтылды. Оған қоса аудан халқының осы уақытқа дейін көтеріп келе жатқан мәселелерінің нәтижелі орындалып жатқаны сөз етілді. «Nur Otan» партиясының Маңғыстау ауданын дамытудың 7 басым бағыты өңірдің нақты проблемаларының шешімін көрсетіп, даму бағытын айқындайды. Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартады. Нақты тоқталып өтсек: экономикалық тұрақты, жайлы, әлеуметтік бағдарланған, жастарға арналған, мәдениеті мен тарихы бай, ашық және есеп беретін жергілікті билігі бар қауіпсіз аудан. Маңғыстау ауданы – облыс бойынша ең көп ауылдық елдімекендердің шоғырланған нүктесі. Оған қоса тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу кәсіпорындары өндіріс көлемінің 64% құрайды. «Nur Otan» партиясы 2021 жылдан бастап 4 жыл ішінде 2000 жуық жұмыс орнын құратын 7 инвестициялық жобаны іске асыруға ықпал етпек. Сонымен қатар Минералды су шығаратын цех, көкөніс сақтайтын қойма, жылыжайлар, түйе сүтінен ұнтақ сүт жасайтын кәсіпорын, темір-бетон өнімін өндіретін зауыт, шаруа қожалықтарын жандардыру, өнімдерді өткізу бойынша жұмыстарға да өз септігін тигізеді. 7 басым бағытта кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жолдың сапасын жақсарту, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, медициналық қызмет көрсету, білім беру саласының сапасын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту т.б. мәселелері қамтылған. Кездесуде нақты атқарылатын жұмыстар легі таныстырылғаннан кейін қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылып, кандидаттарға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық штаб мүшесі Айбарша Ордабаева: «Бізді әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған ортақ мақсат біріктіреді. Кез келген қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - деп бүгінгі күннің батырлары-денсаулық сақтау саласының барша қызметкерлеріне абыройлы еңбек, отбасыларына амандық тіледі. Жалпы ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы күні Маңғыстау облысына қарасты қала, аудан, ауылдарда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, Мәжіліс және облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың «Үйден үйге» үгіт насихаттық жұмыстары, әлеуметтік желілерде тікелей эфир, денсаулық, әлеуметтік сала мамандары, сауда және ойын-сауық орталықтарының қызметкерлерімен кездесулер өтті. Мәжіліс депутаттығына кандидат Еділ Жаңбыршин «Есіктен есікке» акция аясында сайлаушылардың үйіне барды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер өкілдерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Әлеуметтік желілерде Еділ Терекбайұлының қатысуымен «Үміткерге сұрақ қой» тікелей эфирі болды. Мәжіліс депутаттығына үміткер Самат Мусабаев «Қайнар» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті. Сенімді өкілдері «Есіктен есікке» үгіт-акциясын жүргізді. Мәжіліс депутаттығына кандидат Оспан Қазақбаев «Ақтау» сауда және ойын-сауық орталығында жедел түрде кездесу ұйымдастырды. Мүгедектерді жұмыспен қамту мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Партияның үгіт насихат жұмыстары «Jas Otan» ЖҚ-ның «Қазақстанға дауыс бер!» партиялық челленджімен жалғасын тапты.
«Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалының сайлауалды штабының ресми түрде ашылуы болып өтті
Сөз барысында штаб басшысы желілік кестеде бекітілген іс-шаралардың ауқымдылығын айтып, барлық шаралар эпидемиолгоиялық жағдайда қауіпсіздік ережелердің сақталуымен өту керектігін басты назарға алуды тапсырды.
Бүгін аудандағы «Nur Otan» партиясы филиалында сайлауалды штабының ресми ашылуы өтті
Бүгін аудандағы «Nur Otan» партиясы филиалында сайлауалды штабының ресми ашылуы өтті. Оған облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер мен штаб мүшелері қатысты.
Жиында штаб төрағасы Дастан Буханов сөз сөйлеп, сайлау абыройлы өткізуге шақырды.
– Өздеріңізге белгілі 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Партия басшылығының тапсырмасы бойынша аудандық сайлауалды штаб құрылды. Штаб құрамына 16 адам енгізілді. Бұл аудан тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар. Олар білім, ғылым, азаматтық сектор, БАҚ өкілдері іріктеліп алынған. Сонымен қатар, штаб жанынан өңірдің жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған «Жастар қанаты» құрылды. Оған «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері, сондай-ақ жастарымыздың сеніміне ие болған партияның жас жақтастары кірді, – деді штаб төрағасы.
Осылайша бүгіннен бастап аудандық 1 сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Мұнан соң шара штаб отырысына жалғасып, онда сайлауалды бағдарламадағы 7 басым бағыт бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар талқыландын.
Жиын соңында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов штаб мүшелеріне сәттілік тіледі.
"Кандидатқа сұрақ қой" жобасы аясында тікелей эфир
📲 Тікелей эфир Тұмышев Нури Лазарұлының фейсбук парақшасында өтеді.
✅ Эфир кезінде үміткерге ұсыныстарыңызды айтуға немесе сұрақтарыңызды қоюға болады.