Мазмұнға өту

Жаңа

«Сырлы сұхбат» аясында онлайн кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Сырлы сұхбат» аясында Мұнайлы ауданының мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі бар, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқан ардагеріміз Балсұлу Қондыбай Әділбекқызымен онлайн кездесу өтті.

Сұхбат барысында Б.Қондыбайдың еңбек жолы мен жеке өмірі жайлы сөз қозғалды.

Б.Қондыбай 2007 жылдың тамыз айынан облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен жаңа Мұнайлы ауданына мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Іргесі қаланған жаңа ауданның мәдениет саласын тез арада білгірлікпен ұйымдастырып, талантты жастарды өз жанына топтастыра білді. Соның нәтижесінде аудан өнерпаздары «Маңғыстау жұлдыздары» облыстық байқауында Бас жүлдені иемденді. 2010 жылы «Үздік мәдениет үйі», 2012 жылы «Үздік ауыл клубы» байқауларында  І орынды қанжығасына байлады.

Бұл Б.Қондыбайдың өз ісінің шебер ұйымдастырушысы екенін көрсетеді. Санаулы бес жылдың ішінде Б.Қондыбай 4 халықтық ұжымды қалыптастырып, ауданда өткен барлық мәдени шаралардың өз мәнінде өтуіне жетекші бола білген басшы. Маңғыстау ауылының 50 жылдығына орай ауыл тарихынан үзік сыр берер «Ырысы тасыған ауылым» атты еңбегі жарық көрді.

Ол ауданның, облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын, облыстың өнерлі жастарына үлгі болар тұлға. Балсұлу Әділбекқызы  - білікті басшы, кәсіби өнер адамы, асыл жар, аяулы ана, шәкірт тәрбиелеген майталман ұстаз.

0
0
165

«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының аудандық сайлауалды штабының ресми ашылуы болып өтті

Сөз барысында штаб басшысы желілік кестеде бекітілген іс-шаралардың ауқымдылығын айтып, барлық шаралар эпидемиолгоиялық жағдайда қауіпсіздік ережелердің  сақталуымен өту керектігін басты назарға алуды тапсырды.

0
0
188

«Nur Otan» партиясы Бейнеу аудандық филиалының аудандық сайлау алды штабының ресми ашылуы болып өтті

Сөз барысында штаб басшысы желілік кестеде бекітілген іс-шаралардың ауқымдылығын айтып, барлық шаралар эпидемиолгоиялық жағдайда қауіпсіздік ережелердің  сақталуымен өту керектігін басты назарға алуды тапсырды.

0
0
186

Тәуелсіздік күніне орай фото – кітап көрмесі өтті

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, сындарлы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін жастарға таныту.

Кітап көрмесінде егеменді еліміздің қалыптасы мен дамуын баяндайтын кітаптар, Тәуелсіздігіміздің мерейлі жылында егеменді Қазақстанды қалыптастырған Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың қызметін жан-жақты ашатын кітаптар мен ғылыми еңбектер, қазақ хандығы тұсындағы тарихи кезеңдерден бастап, тәуелсіз елдің бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектер мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шықққан әдебиет туындылары қойылды.

Кітапхана қызметкерлері мереке қарсаңында Мәңгілік елдің жалынды жастарына тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсіндіріп, насихаттады.

0
0
209

«Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының сайлауалды штабының ресми түрде ашылуы болып өтті.

Сөз барысында штаб басшысы желілік кестеде бекітілген іс-шаралардың ауқымдылығын айтып, барлық шаралар эпидемиолгоиялық жағдайда қауіпсіздік ережелердің сақталуымен өту керектігін басты назарға алуды тапсырды.

0
0
162

Бүгін Мәжіліске депутаттыққа үміткер Еділ Жаңбыршин Zoom платформасында онлайн - кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2021 жылы 10 қаңтар күні өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы жөнінде және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, үміткердің сенімді өкілдері «Есіктен есікке» акциясы аясында Ақтау қаласындағы 11 және 12 шағын ауданында тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

"Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі ең бірінші орында тұрады. Халықтың мәселесін шешу жолында ұсыныстар қабылдап, әрекет етуге дайынмын. Сіздің дауысыңыз біз үшін маңызды. Сіздің таңдауыңыз біздің болашағымызды айқындайды. Сол себепті 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге баршаңызды шақырамын. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік құрметті ағайын!",- деді өз сөзінде Е. Жаңбыршин.

Кездесу соңында қатысушылар  сайлауға елдің белсенді қатысуына ат салысатындарын айтты.

0
0
202

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Jas Otan»-ның Съезінде

Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Jas Otan»-ның Съезінде

#NurOtan #Elbasy #JasOtan

0
0
168