Маңғыстаулық жастар "Jas Otan" ЖҚ V съезіне қатысты
Съезге Маңғыстау облысынан барлық қала мен аудандардан жастар ұйымдарының көшбасшылары, шығармашылық, жұмысшы, студент және ауыл жастарының өкілдерінен 40 шақты делегат бейнеконференция арқылы қосылды. Съезде Маңғыстаулық жастар атынан педагог Жігер Телюқанов сөз сөйледі.
Съезде 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы қабылданып, «Jas Otan» Орталық кеңесінің жаңа мүшелері сайланды. Маңғыстау облысы атынан белсенді жас, жайдарманшы Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Фазылбек Абылай Фазылбекұлы сайланды.
Съез барысында «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы Елнұр Бейсембаев Елбасыға жастар атынан жейде тарту етті.
#BizBirgemiz #JenimpazBol
