Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін аудандағы «Nur Otan» партиясы филиалында сайлауалды штабының ресми ашылуы өтті

Бүгін аудандағы «Nur Otan» партиясы филиалында сайлауалды штабының ресми ашылуы өтті. Оған облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер мен штаб мүшелері қатысты.

Жиында штаб төрағасы Дастан Буханов сөз сөйлеп, сайлау абыройлы өткізуге шақырды.

– Өздеріңізге белгілі 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Партия басшылығының тапсырмасы бойынша аудандық сайлауалды штаб құрылды. Штаб құрамына 16 адам енгізілді. Бұл аудан тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар. Олар білім, ғылым, азаматтық сектор, БАҚ өкілдері іріктеліп алынған. Сонымен қатар, штаб жанынан өңірдің жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған «Жастар қанаты» құрылды. Оған «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері, сондай-ақ жастарымыздың сеніміне ие болған партияның жас жақтастары кірді, – деді штаб төрағасы.

Осылайша бүгіннен бастап аудандық 1 сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Мұнан соң шара штаб отырысына жалғасып, онда сайлауалды бағдарламадағы 7 басым бағыт бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар талқыландын.

Жиын соңында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов штаб мүшелеріне сәттілік тіледі.

0
0
138

Осы тақырып бойынша

Бүгін аудандағы «Nur Otan» партиясы филиалында сайлауалды штабының ресми ашылуы өтті - Yvision.kz