Кандидаттар мен партияның сенімді өкілдерінің азаматтарды қоғамдық қабылдау жөніндегі кестесі










«Nur Otan» партиясы Тарбағатай аудандық сайлауалды штабында азаматтарды қабылдау кестесі құрылды.
Қабылдаулар партияның сенімді өкілдері мен партиялық тізімге енген кандидаттармен 2020 жылдың 11 желтоқсанынан 2021 жылдың 08 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Мекен-жайымыз: Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы , Абылайхан көшесі, 13.
Байланыс телефон: 2-10-75, 87054179858
Кеше «Nur Otan» партиясы Тарбағатай аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген кандидат М.Көшкінов азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Карантинге байланысты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып оффлайн және онлайн режимінде қабылдаулар өткізілді. Кездесу барысында су қоймасын қалпына келтіру, ауылды абаттандыру, әлеуметтік көмек және т.б. мәселелер талқыланды. Барлығына түсініктемелер беріліп, ұсыныс-тілектері қабылданды.
Кеше «Nur Otan» партиясы Тарбағатай аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кандидат Қ.Қожахметов азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Карантинге байланысты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып оффлайн және онлайн режимінде қабылдаулар өткізілді. Кездесу барысында су қоймасын қалпына келтіру, ауылды абаттандыру, әлеуметтік көмек және т.б. мәселелер талқыланды. Барлығына түсініктемелер беріліп, ұсыныс-тілектері қабылданды.
Жаңақала ауданына жұмыс сапары барысында Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев «Ашық әкімдік» форматындағы қызмет көрсету орталығының ашылуына қатысты.
Ашық әкімдіктің негізгі мақсаты – өңір тұрғындарына қолайлы жағдайларды қалыптастыру және әкімшілік кедергілерді мейлінше азайту болып табылады.
Р.С.Ақмырзаев өз кезегінде: ««Ашық әкімдік» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі тарапынан қолдау тапты. Сондықтанда, аталған жобаны облыстың барлық аудандарда ашу маңызды» - деп атап өтті.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
Съезге Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысқаны жастарға жаңа серпін берді. Съезде 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы қабылданып, «Jas Otan» Орталық кеңесінің жаңа мүшелері сайланды.
10 желтоқсаннан бастап республика бойынша үгіт-насихат жұмыстары басталды. Біздің ұранымыз «Jenimpaz bol»! Үгіт-насихат жұмыстары барысында жұмыс жасайтын белсенділердің киімдерінде осы жазу болады.
“Jas Otan “ Төлеби аудандық филиалының ,белсенді жастары сайлау алды үгіт-насихат материалдарын таратуда белсенді жұмыс атқаруда. 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары өте белсенділікпен басталып, жастардың бар ынта-ықыласымен жүріп жатыр. Сіздерді, еліміздегі саяси жетекші, партиялар арасында көшбасшы болып , жасампаздықтың жарқын үлгісіне айналған “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырамыз. Еліміз үшін маңызды саяси науқанға ауданымыздың тұрғындары да белсенділік танытса дейміз.
Сондай-ақ, оларға бір ай көлемінде жалақы сайлау қорынан төленіп, арнайы киім-кешектер (күртеше, қалпақ, маска, сөмке) қамтамасыз етілетін болады. Еліміздегі мәслихаттар сайлауы алғаш рет Қазақстан үшін жаңа пропорционалды жүйе бойынша өткелі отыр. Осыған орай белсенділер тығыз қарым-қатынас пен байланыс орнату, бірлікте, жұмыла жұмыс істеу мақсатында арнайы чат аштық.
Біздің мақсаттарымыз – алдағы электоралдық кезеңде белсенділердің жұмысын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік желіде жұмыс жүргізу жадынамасын түсіндіру, әдептілік ережелерін сақтауға шақыру.
Тағы да атап айтатын болсақ, үгіт-насихат жұмыстары үш негізгі тәсілмен – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері, сондай-ақ, баспа, дыбыс-бейне және басқа үгіт материалдарын шығару, тарату арқылы жүзеге асырылады. Сайлау алдындағы үгіт 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18:05-де басталды және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақытпен 23:55-де аяқталады.
Тлеубердиев Абылай "Jas Otan" ЖҚ Төлеби аудандық филиалының төрағасы.
@nur_otan
@jas_otan
#Tólebı_Nur Otan
2020 жылдың 11 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Р.С.Ақмырзаев жұмыс сапарымен Жаңақала ауданына барды.
Жұмыс сапары барысында Департамент басшысы ауданы активі және қоғам өкілдерімен кездесті.
Шара барысында Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға және қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған заңнамалық бастамалар мен новеллаларға тоқталды.
Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар, Департамент басшысы аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдау барысында «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы, деректер базасы интеграциясы, бұрын сыбайлас жемқорлыққа тартылған тұлғаның жұмысқа орналасуы туралы сұрақтарға нақты жауаптар берді.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында «Nur Otan» партиясы атынан 2021 жылы өтетін сайлауға үміткер ретінде қатысып отырған Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев пен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері, яғни мәдениет және өнер саласының өкілдерімен жүздесті.
Алдымен сөз алған Асқарбек Сиязбекұлы талай жылдан бері ауыл-аймақты басқарып, мол тәжірибе жинақтағанын және ауыл адамдарының шешімін күткен мәселелерін жақсы білетінін айтты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында кандидат ауылдық жерлерді ауыз сумен қамту, жолдарды жөндеу, малға қажетті жемазықты уақытында жеткізіп беру, мектеп, балабақша салу және жергілікті емдеу мекемелерін коронавирусқа қарсы күресетін құрылғылармен жабдықтау жайын шешуді мақсат тұтады. Сондай-ақ, ауыл адамдарының рухани дамуы да аса маңызды. Осы күнге дейін Сандықтау ауданында 5 ауылдың клубтары күрделі жөндеуден өтіп, қирағандары қалыпқа келтірілген. Келесі жылы тағы 2 клуб жөнделетін болады.
Сонымен қатар тоқырау жылдары жылудан ажыратылған 2 қабатты ескі үйлердің тұрғындарының мәселесін шешу өзекті. Асқарбек Үйсінбаевтың айтуынша, жоспар бойынша 11 осындай үйлерді жылу жүйесіне қосу жоспарланып, қажетті құжаттары дайындалды. Енді бюджеттен ақша бөлінсе, келесі жылы бұл жұмыстар қолға алынады. Кандидат «Nur Otan» партиясы халықтың мұң-мұқтажына назар аударатын және үнемі шешімін табуға қолұшын созатын ұйым екенін алға тартып, алдағы сайлауда нақты істің басында жүрген ұйымға дауыс беруге шақырды. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев та «Nur Otan» партиясы атынан сайлауға түсіп отыр. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында облыс орталығын көркейту, абаттандыру, жастардың ұйымдарын осы іске жұмылдыруға назар аударады.
Сонымен қатар басты шешімін күткен мәселе, денсаулығында кінәраты бар балалардың жағдайын шешу. Яғни, ол өзінің учаскесінде осындай баласы бар ата-аналардың қиналып жүргенін біледі. Сол себепті алдағы уақытта арнайы орталық ашқысы келеді. Ол орталықта денсаулығында кінараты бар балалар тәрбиеленетін болады. Сондай-ақ, Мәди Сағынтайұлы қаланың экологиялық мәселесін де шешуге ат салыспақ.
Сөзін түйіндей келе, кандидат халыққа қашанда ашық «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда дауыс беріп, дұрыс шешім қабылдауға шақырды.
Облыстық және аумақтық сайлау комиссияларына барлығы 495 кандидат тіркелген. Әр кандидаттың жеке сайлау бағдарламасы бар. Барлық кандидаттар Праймериз – партияішілік іріктеуден лайықты өтті.
https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/posts/2787654921451271
Нұрсұлтан Әбішұлы: «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», - деп атап өтіп, «Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті – қазақ мәдениеті» деген еді.

Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.
Ұлттық мәдениеттің бір бөлігі, Аршалы өңірі, дарынды тұлғалардың мекені.
Ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны – ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз болып табылады.
Бүгінгі күн – Тәуелсіз Қазақстанның, Мәңгілік Елдің келешегін кемел, болашағын жарқын ететін, ұлттық бірегейлігімізді танытуға үлес қосатын уақыт келді деп ойлаймын. Еліміздің жетекші саяси партиясы «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, мәдениетіміздің одан әді дамуына бірге ат салысайық!
Актан ЖАНАБЕРГЕНОВ,
әнші, Аршалы ауданы
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/posts/2787966254753471
12 желтоқсанда аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Айман Әшімова мен Талғат Сәрсембаев ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен онлайн- кездесу өткізіп, үгіт-насихат жүргізді