Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Jas Otan» патриоттары белсенділік танытуда!

Съезге Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысқаны жастарға жаңа серпін берді. Съезде 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы қабылданып, «Jas Otan» Орталық кеңесінің жаңа мүшелері сайланды.

10 желтоқсаннан бастап республика бойынша үгіт-насихат жұмыстары басталды. Біздің ұранымыз «Jenimpaz bol»! Үгіт-насихат жұмыстары барысында жұмыс жасайтын белсенділердің киімдерінде осы жазу болады.

“Jas Otan “ Төлеби аудандық филиалының ,белсенді жастары сайлау алды үгіт-насихат материалдарын таратуда белсенді жұмыс атқаруда. 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары өте белсенділікпен басталып, жастардың бар ынта-ықыласымен жүріп жатыр. Сіздерді, еліміздегі саяси жетекші, партиялар арасында көшбасшы болып , жасампаздықтың жарқын үлгісіне айналған “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырамыз. Еліміз үшін маңызды саяси науқанға ауданымыздың тұрғындары да белсенділік танытса дейміз.

Сондай-ақ, оларға бір ай көлемінде жалақы сайлау қорынан төленіп, арнайы киім-кешектер (күртеше, қалпақ, маска, сөмке) қамтамасыз етілетін болады. Еліміздегі мәслихаттар сайлауы алғаш рет Қазақстан үшін жаңа пропорционалды жүйе бойынша өткелі отыр. Осыған орай белсенділер тығыз қарым-қатынас пен байланыс орнату, бірлікте, жұмыла жұмыс істеу мақсатында арнайы чат аштық.

Біздің мақсаттарымыз – алдағы электоралдық кезеңде белсенділердің жұмысын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік желіде жұмыс жүргізу жадынамасын түсіндіру, әдептілік ережелерін сақтауға шақыру.

Тағы да атап айтатын болсақ, үгіт-насихат жұмыстары үш негізгі тәсілмен – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері, сондай-ақ, баспа, дыбыс-бейне және басқа үгіт материалдарын шығару, тарату арқылы жүзеге асырылады. Сайлау алдындағы үгіт 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18:05-де басталды және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақытпен 23:55-де аяқталады.

Тлеубердиев Абылай "Jas Otan" ЖҚ Төлеби аудандық филиалының төрағасы.

#jenimpazbol

#jeniskejet

#nurotan

#jasotan

#jastar

#tanday2021

#nurotanmenbirge

#язануротан

@nur_otan

@jas_otan

#Tólebı_Nur Otan

#Tolebi_JasOtan

4
0
201

Осы тақырып бойынша

«Jas Otan» патриоттары белсенділік танытуда! - Yvision.kz