Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында бейнеконференция байланысы режимінде Республикалық сайлауалды штабтың бірінші отырысы өтті. Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз  сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу маңызды. Біз көп адам жинайтын ауқымды іс-шаралар емес, шағын жиындарға көшеміз. Нақты әлеуметтік топтар – зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесеміз. Оларды толғандырған мәселелерді жан-жақты талқылап, сайлауалды бағдарламада көрсетілген мәселелердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу қажет. Шалғай ауылдарға дейін бару керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, біз көпшіліктің мәселесін тыңдап қана қоймай, оларды шешуіміз керек. Біз партия мен қоғам арасындағы кері байланысты нығайтып, азаматтардың талап-тілектерін жинауға тиіспіз. Үгіт-насихат науқанымыздың басты қағидасы –  тұрғындармен тікелей және шынайы диалог орнатуға негізделеді», – деп атап көрсетті Б.Байбек.

Сонымен, тек Республикалық сайлауалды штаб аясында ғана 35 қала мен 82 ауданда 300-ден астам іс-шара өткізіледі. Облыстарда, қалалар мен аудандарда барлық 6,4 мың кандидат сайлаушылармен кездеседі. Онлайн-технологияларды ескерсек, жалпы іс-шаралар кемінде 9 миллионнан астам қазақстандықты қамтиды.

Бүгін nurotan2021.kz арнайы сайты іске қосылып, онда барлық сайлауалды бағдарлама мен партиялық тізімдер жарияланған.

0
0
144

«Есіктен-есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар мен еріктілер тобы Бауыржан Момышұлын ауылында «Есіктен-есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Акция барысында тұрғындардың ұсыным-тілектерін тыңдап, өздерінің сайлауалды бадарламасында мақсат етіп отырған негізгі міндеттерімен таныстырды.

0
0
142

«Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы төрайымының орынбасары Нұржан Молдабеков п..

«Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы төрайымының орынбасары Нұржан Молдабеков пен аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Малик Адамбаев, Катира Увалиевалар Сарыбұлақ ауылында көп балалы отбасылары үйлерін аралап, “Есіктен есікке” акциясы аясында үгіт-насихат материалдарын таратты

7
0
181

Бірлік болса – тірлік болады

Жиырма жылдан астам тарихы бар «Nur Otan» партиясы орасан зор жұмыс атқарады деп есептеймін.

«Бірлік болса – тірлік болады», «Кең болсаң, кем болмайсың» деген. Қазіргі кең дүниеде бізге не жетпейді?!

Біз бақытты жанбыз! Неге десең еліміздің басшылығы жүргізіп жатқан салиқалы саясатын жүзеге асырып, халықтық ұйымға айналған «Nur Otan» партиясы игі бастамаларға қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы болуда.

Халықтың сенімді саяси ұйымы бола білген «Nur Otan» партиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев төрағалық ететін партиясының ең басты мақсаты- ұлт Тәуелсіздігінің тірегі болу, ел еркіндігін  нығайту. Күнделікті қоғам тынысын қадағалап, әртүрлі бағыттағы мәселелерді үйлестіріп, оны тиімді шешудің жолдарын қарастыруда.

«Nur Otan» партиясымен бірлесе нәтижесін тапқан игі шаралар – табысты еңбектің көрінісі. Олай болса, сіздерді 10 қаңтар күнінде «Nur Otan» партиясының кандидаттарына дауыс беруге шақырамын!

Кенжегүл АУБАКИРОВА,

кітапхана ісінің үздігі, Бурабай ауданы

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/posts/2788064281410335

0
0
701

Бүгін партия мүшелерін

"Сенің дауысың" - сенің болашағың" атты онлайн акциясы өткізілді. Онлайн жиын барысында партия мүшелеріне сайлауалды бағдарламалар түсіндіріліп, сайлаудың жалпы ережелері айтылды.

0
0
152

Сарыбұлақта ауыз су мәселесі шешілмек

Сарыбұлақта ауыз су мәселесі шешілмек

Сенбі күні «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы төрайымының орынбасары Нұржан Молдабеков пен аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Малик Адамбаев, Катира Увалиевалар үгіт-насихат жұмыстарымен Сарыбұлақ ауылында болып, тұрғындармен кездесті. Штаб төрайымының орынбасары Нұржан Смағұлұлы сарыбұлақтықтарға партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Мәселен, өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 2015 жылғы 8,5 млрд. теңгеден 2019 жылы 13,9 млрд. теңгеге дейін немесе 1,6 есеге өскен. 2015-2019 жылдары индустрияландырудың бірінші және екінші кезеңі аясында ауданда жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгеге 3 нысан пайдалануға беріліп, 41 жұмыс орындары құрылған. Ірі жобалар «Қордай сүт өнімі» ЖШС - балмұздақ шығаратын цехы, «Қордай корм» АӨК – құрама-жем өндіретін цехы, "GREENWILL" ЖШС – аквапоника технологиясы негізінде бастапқы қайта өңдеу арқылы салат дақылдары мен балық өндірісі іске қосылған.

2014 жылдан бастап «MONTERRO QASAQSTAN» ЖШС-і тау-кен металургиялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру (іске асыру мерзімі 2014-2021 жылдар, жоба құны 300,0 млрд. теңге, қуаттылығы - жылына 5100 кг. алтын өндіру, тұрақты 800 жұмыс орнын ашу) жоспарлануда. Қазіргі таңда, геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылы компания тарапынан 1,7 млрд. теңге инвестиция тартылған. Штаб төрайымының орынбасары Нұржан Молдабеков Қордай ауданының 5 жылда әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тоқтала келе, Сарыбұлақ ауылына қатысты мәселелерге де ауыл тұрғындары назарын аударып өтті.

Кездесуде ауданды кешенді дамытуға бағытталған партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы да жан-жақты насихатталды. Бір қуанарлық жағдай, «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясының 2020 жылғы «10» қарашадағы № 003-PQ қаулысымен бекітілген партияның алдағы 5 жылға арналған Қордай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға ауданның халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу жоспарланған. Нақтырақ айтсақ, бағдарламаға халық саны 200-ден асатын ауылдарда орталықтандырылған су құбыры салынатын болады. Жалпы халық саны 17 105 адам тұратын 5 ауылдық елді мекенде су құбыры желілерін салу енгізілген, яғни 2022 жылы Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты Кайнар, Сарыбулақ елді мекендерінде ауыз су мәселесі шешілетін болады.

Ауданды қарқынды дамытатын, әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикасы бар және адамдардың жайлы өмір сүруі үшін нақты шараларды ұсынған бардарлама - «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастыратынының тағы бір дәлелі!

7
0
336

Көксу ауданы "Nur Otan" партиясы филиалының бастамасымен,

желтоқсан айының 12-ші жұлдызында "Біз Қазақстан үшін" атты партиялық флешмобы өткізілді. Айтып өтейік, іс-шара барысында барлық санитарлық талаптар орындалып, ара-қашықтық сақталды. Флешмобқа ауданның белсенді жастары қатысты

0
0
147

Бүгін Көксу ауданы

"Біз сайлауды қодаймыз" деген тақырыпта онлайн дәріс өткізілді. Дәріске колледж білімгерлерінен бөлек ауданның өзге де жастары қатысты. Онлайн сабақ барысында сайлауға қатысты барлық мәліметтер айтылып, түсіндірілді.

0
0
199