Сарыбұлақта ауыз су мәселесі шешілмек
Сарыбұлақта ауыз су мәселесі шешілмек
Сенбі күні «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы төрайымының орынбасары Нұржан Молдабеков пен аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Малик Адамбаев, Катира Увалиевалар үгіт-насихат жұмыстарымен Сарыбұлақ ауылында болып, тұрғындармен кездесті. Штаб төрайымының орынбасары Нұржан Смағұлұлы сарыбұлақтықтарға партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Мәселен, өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 2015 жылғы 8,5 млрд. теңгеден 2019 жылы 13,9 млрд. теңгеге дейін немесе 1,6 есеге өскен. 2015-2019 жылдары индустрияландырудың бірінші және екінші кезеңі аясында ауданда жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгеге 3 нысан пайдалануға беріліп, 41 жұмыс орындары құрылған. Ірі жобалар «Қордай сүт өнімі» ЖШС - балмұздақ шығаратын цехы, «Қордай корм» АӨК – құрама-жем өндіретін цехы, "GREENWILL" ЖШС – аквапоника технологиясы негізінде бастапқы қайта өңдеу арқылы салат дақылдары мен балық өндірісі іске қосылған.
2014 жылдан бастап «MONTERRO QASAQSTAN» ЖШС-і тау-кен металургиялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру (іске асыру мерзімі 2014-2021 жылдар, жоба құны 300,0 млрд. теңге, қуаттылығы - жылына 5100 кг. алтын өндіру, тұрақты 800 жұмыс орнын ашу) жоспарлануда. Қазіргі таңда, геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылы компания тарапынан 1,7 млрд. теңге инвестиция тартылған. Штаб төрайымының орынбасары Нұржан Молдабеков Қордай ауданының 5 жылда әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тоқтала келе, Сарыбұлақ ауылына қатысты мәселелерге де ауыл тұрғындары назарын аударып өтті.
Кездесуде ауданды кешенді дамытуға бағытталған партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы да жан-жақты насихатталды. Бір қуанарлық жағдай, «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясының 2020 жылғы «10» қарашадағы № 003-PQ қаулысымен бекітілген партияның алдағы 5 жылға арналған Қордай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға ауданның халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу жоспарланған. Нақтырақ айтсақ, бағдарламаға халық саны 200-ден асатын ауылдарда орталықтандырылған су құбыры салынатын болады. Жалпы халық саны 17 105 адам тұратын 5 ауылдық елді мекенде су құбыры желілерін салу енгізілген, яғни 2022 жылы Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты Кайнар, Сарыбулақ елді мекендерінде ауыз су мәселесі шешілетін болады.
Ауданды қарқынды дамытатын, әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикасы бар және адамдардың жайлы өмір сүруі үшін нақты шараларды ұсынған бардарлама - «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастыратынының тағы бір дәлелі!
