Мазмұнға өту

Жаңа

Өңірлерге сапар аясында Жезқазған қаласында болдым

Өндірісте еңбек құқығының сақталуы, жаңа жұмыс орындарын ашу, жалпы қаланың дамуы туралы мәселелерді талқылап, ой бөлістік.⠀Филиал басшылығының айтуынша, пандемия жағдайында өңір экономикасы қалыпты күйде ұсталып, қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына, жастар жұмыссыздығының өсуіне жол берілмеген. Әйтсе де, COVID-19-ға байланысты ахуал еңбек нарығына өз әсерін тигізбей қоймады. Туризм, мәдениет, спорт, қоғамдық тамақтану, көлік және тағы басқа салалар зардап шекті.⠀Жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, «Nur Otan» партиясы еңбек нарығының сұранысын ескере келе, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, кадрларды қайта даярлау бойынша кешенді шараларды қолға алады. Бұл ретте отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнімдер шығаратын жаңа өндіріс орынд…

0
0
186

Ақын Әнуар Бимағамбеттің«Сәру-Күннің сәулесі» атты шығармашылық кеші өтті

Кешке мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Есенғали Раушановтар қонақ ретінде қатысты.Кеште көрермендер ақынның туындыларымен танысты. Сонымен қатар, өлкеміздің жас ақындары өз туындыларын оқыды.Кеш соңында Маңғыстау облысының әкімі Тұрымов Серікбай Өтелгенұлы бүгін Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының қолынан «Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі» куәлігін алған ақынды құттықтап, шығармашылығына табыстар тіледі.Сонымен қатар, ақынның ұстаз ағалары ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сабыр Адай және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Светқали Нұржан өз тілектерін арнады.…

0
0
292

«Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалының сайлауалды штабының ресми түрде ашылуы болып өтті

Сөз барысында штаб басшысы желілік кестеде бекітілген іс-шаралардың ауқымдылығын айтып, барлық шаралар эпидемиолгоиялық жағдайда қауіпсіздік ережелердің сақталуымен өту керектігін басты назарға алуды тапсырды.

0
0
130

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын таныстырып өтті.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сәрсенбай Нұрпейіс Мизанбайұлы, Серікова Гүлшат Қошаханқызы, Меңдібаев Абзал Меңдібайұлы аудан тұрғындарымен, ардагерлермен кездесіп сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын таныстырып өтті. Әр үміткер өзінің алдағы нақты жоспарларын көпшіліктің назарына ұсына отырып, халық тарапынан түскен ұсыныс пікірлерге, көкейтесті мәселелерді ортаға салып, жауап беріп отырды. Жиын барысында көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Кандидаттар, халықтың әлеуетін көтеру жолында жұмыстана беретіндіктерін жеткізді.

Кездесу соңында ауыл ақсақалдары депутаттардың алдағы жоспарлы жұмыстарына сәттілік, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, қызметтерін ары қарай жандандыра беруге тілек білдірді.

0
0
177

10 желтоқсан күні елімізде партиялардың үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Бүгін 12.12.2020жылы Мәжіліс және Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Мусабаев Самат Базарбайұлы мен Таджибаев Ерлан Жетібай ауылы тұрғындарымен үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында 2021 жылы 10 қаңтар күні өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы жөнінде және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0
0
136

Бүгін Құрық ауылының зиялы қауымымен кездесу өтті.

Мәжіліс депутаттығына үміткер Казахбаев Оспан Дәденұлы, Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Аманиязова Мейрамгул Ауылымыздың беделді ақсақалы Избергенов Күрентай мен Бегнияз Ержан ағамыздың үйінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Кездесуге қатысушылар тәуелсіздік жылдары Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға орасан зор үлес қосқан басқарушы партияны қолдайтындықтарын білдірді.

0
0
135