Партияның жастар қанатында азат ойлы, патриот, белсенді жастардың көптігі қуантады.
Жұдырықтай жұмылған жастар барда, сүттей ұйыған ел барда – қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Жұдырықтай жұмылған жастар барда, сүттей ұйыған ел барда – қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Өндірісте еңбек құқығының сақталуы, жаңа жұмыс орындарын ашу, жалпы қаланың дамуы туралы мәселелерді талқылап, ой бөлістік.
⠀
Филиал басшылығының айтуынша, пандемия жағдайында өңір экономикасы қалыпты күйде ұсталып, қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына, жастар жұмыссыздығының өсуіне жол берілмеген. Әйтсе де, COVID-19-ға байланысты ахуал еңбек нарығына өз әсерін тигізбей қоймады. Туризм, мәдениет, спорт, қоғамдық тамақтану, көлік және тағы басқа салалар зардап шекті.
⠀
Жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, «Nur Otan» партиясы еңбек нарығының сұранысын ескере келе, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, кадрларды қайта даярлау бойынша кешенді шараларды қолға алады. Бұл ретте отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнімдер шығаратын жаңа өндіріс орындарын ашуға басымдық беріледі. Бұл міндеттер біздің Жезқазған қаласы бойынша қалалық сайлауалды бағдарламамызда қамтылған. Ол қараша айында халықпен кеңінен талқылау негізінде қабылданған болатын.
⠀
Сонымен қатар жаңа модульді инфекциялық клиникада қаланың медицина қызметкерлерімен кездестім. Денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелерді тыңдадым. Олардың басым бөлігі өңірлік сайлауалды бағдарламаны іске асыру аясында өз шешімін табады. Бұлардың қатарында қалалық көп бейінді ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу, жас дәрігерлерге арналған жатақхана және басқа мәселелер бар.
⠀
Бұдан кейін өңірдің жас белсенділерімен кездесу өткіздім. Олардың көпшілігі «Nur Otan»-ның өңірлік праймеризінде жеңімпаз болып, қалалық мәслихат сайлауына арналған партиялық тізімге енген. Жалпы, Жезқазған бойынша партиялық тізім 60%-ке жаңарса, ондағы жастардың үлес саны 0-ден 23%-ке өсті.
⠀
Өңірге сапар барысында Ұлытау ауданына да бардым. Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаев ерекше атап көрсеткендей, Ұлытау – қазақ халқының қасиетті өңірі. Сондықтан тарихи мұраны сақтау және еліміздің аумағы жағынан ең ірі ауданын ары қарай дамыту алдағы 5 жылға арналған партиялық міндеттерде көрініс тапқан.
⠀
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өңірге жасаған сапарларының бірінде «Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс», – деп атап көрсеткен болатын. Бүгінде мұнда бірқатар жаңа нысандар бой көтеріп, визит-орталық пен стадион салынған, бірнеше саябақ пен аллея абаттандырылған. Өлкетану музейінің, ипподром мен қонақ үйлер құрылысы жүріп жатыр.
⠀
Сонымен бірге, еліміздің орта ғасырлық архитектуралық ескерткіштерінің бірі – Жошы хан кесенесінің реконструкциясымен таныстым. Алтын Орданың 750 жылдығы аясында тарихи-мәдени кешеннің құрылысы жүргізілуде. Оны келесі жылдың желтоқсан айында ашу жоспарланып отыр. Бұл кешен де туристерді қызықтыратын тағы бір ғажайып орынға айналатынына сенімдімін.
Кешке мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Есенғали Раушановтар қонақ ретінде қатысты.
Кеште көрермендер ақынның туындыларымен танысты. Сонымен қатар, өлкеміздің жас ақындары өз туындыларын оқыды.
Кеш соңында Маңғыстау облысының әкімі Тұрымов Серікбай Өтелгенұлы бүгін Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының қолынан «Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі» куәлігін алған ақынды құттықтап, шығармашылығына табыстар тіледі.
Сонымен қатар, ақынның ұстаз ағалары ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сабыр Адай және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Светқали Нұржан өз тілектерін арнады.
Состоялся творческий вечер поэта Ануара Бимагамбета - «Сәру-Күннің сәулесі»
Сөз барысында штаб басшысы желілік кестеде бекітілген іс-шаралардың ауқымдылығын айтып, барлық шаралар эпидемиолгоиялық жағдайда қауіпсіздік ережелердің сақталуымен өту керектігін басты назарға алуды тапсырды.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сәрсенбай Нұрпейіс Мизанбайұлы, Серікова Гүлшат Қошаханқызы, Меңдібаев Абзал Меңдібайұлы аудан тұрғындарымен, ардагерлермен кездесіп сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын таныстырып өтті. Әр үміткер өзінің алдағы нақты жоспарларын көпшіліктің назарына ұсына отырып, халық тарапынан түскен ұсыныс пікірлерге, көкейтесті мәселелерді ортаға салып, жауап беріп отырды. Жиын барысында көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Кандидаттар, халықтың әлеуетін көтеру жолында жұмыстана беретіндіктерін жеткізді.
Кездесу соңында ауыл ақсақалдары депутаттардың алдағы жоспарлы жұмыстарына сәттілік, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, қызметтерін ары қарай жандандыра беруге тілек білдірді.

Кездесуде кандидаттар өздерінің жоспарларымен бөлісіп ойларын ортаға салды.


Бүгін 12.12.2020жылы Мәжіліс және Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Мусабаев Самат Базарбайұлы мен Таджибаев Ерлан Жетібай ауылы тұрғындарымен үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында 2021 жылы 10 қаңтар күні өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы жөнінде және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.