"Есіктен есікке" акциясына жастар белсенді қатысуда
Жастар үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ⠀ «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтарды үлестірді. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. ⠀ Дәл осындай акция өңірдегі барлық аудандарда жалғасты. Жаңаөзендік жастар қала тұрғыны Кеунимжаева Мөлдірдің үйінде болып, партияға дауыс беруге шақырды. ⠀ Тұрғын өзінің ІІ топтағы баласының бар екендігін жеткізіп, партияның сайлау алды бағдарламасында ерекше жандарға арналған қамқорлықтың барына қуанды. ⠀ #NurOtan #JasOtan #JasOtanMangystau #jenimpazbol #Bizbirgemiz
