ҚР Мәжіліс депутатына үміткер Самат Базарбайұлы Мусабаев тікелей эфир жүргізді.
Қабылдау барысында өңірдегі газ мәселесі, жастарды баспанамен, жұмыспен қамту әрі денсаулық мәселесі және де тағы басқа мәселелерге байланысты сұрақтар қойылды. Оған қоса партияның сайлауалды бағдарламасы туралы сөз қозғалды. Тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берілді.

