Мазмұнға өту

Жаңа

Қуатты кәсіпкерлер

Отандық тауарлар өндірісін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар шикізатпен толыққанды қамтамасыз етіледі. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие халық тұтынатын тауарлар өндірісі артады. Нәтижесінде, өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе өседі. 10 ірі туристік кластерді дамыту есебінен ЖІӨ-дегі туризм үлесі 8%-ке дейін өседі. IT саласындағы деректерді өңдеу және сақтау бағытына инвестициялар 6 есе, яғни 500 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды, сонымен қатар 1000-нан астам жаңа IT-компаниялар құрылады. Жеке бизнес ашу үшін 50 мың азаматқа, оның ішінде 42 мың ауыл азаматтарына жалпы сомасы 250 млрд. теңгеге шағын несиелер беріледі. Жалпы алғанда, шағын және орта бизнес секторында жұмысп…

0
0
168

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерейтойына орай,"Бәрі есімізде" атты акциясы.

Бүгін Приозерск қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерейтойына орай, "Бәрі есімізде" атты акция жалғасын тапты.

📷Акция аясында Приозерск қалалық "Jas Otan" жастар қанатының еріктілері қала тұрғындарына еліміздің ұлттық тарихының маңызды оқиғалары, атаулы күндері көрсетілген буклеттер таратты.

📷Акция тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырды, өйткені әр адам үшін өз мемлекетінің тарихи кезеңдерін білу өте маңызды!

📷Әсіресе, бұл акция өз елінің болашағын құратын, оның даңқты беттерінің шежіресін жалғастыратын жас ұрпақ үшін маңызды болып табылады!

📷Акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады!

#Бәріесімізде

#Мывсепомним

0
0
152

Кавассинг. Мәжіліс депутаттығына үміткер М.Ахметов Асылы Османмен кездесті

Әсерлі кездесуді үміткер отбасы, оқуы және қызметі жайлы айтып, өзін таныстырудан бастады. Ары қарай «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, аталмыш партияға дауыс беру мақсатында үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Асылы Әлиқызы өз кезегінде қазақ қоғамын рухани жаңғыртудағы ерекше орнын атап өтіп, жастарды елжанды тұлғалардан үлгі-өнеге алуға шақырып, үміткерге сәттілік тілеп, батасын берді.

0
0
194

Орнықты экономика

Бұл – кәсіпкерлікті жандандыруға, инвестицияларды өсіруге, елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар. Мемлекет орта таптың тірегі, экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновацияның, жұмыспен қамтудың және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының негізі болатын бизнеске жан-жақты қолдау көрсетеді. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ «Nur Otan» партиясы болашақ ұрпақ үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, бюджеттік шығыстарды оңтайландыруға, Ұлттық қордан қосымша трансферттерді шектеуге ниетті. Біз әлеуметтік, сақтандыру қорларының және Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының қаражаты ескерілетін «кеңейтілген бюджет» енгіземіз. Ағымдағы мәселелерді жедел шешу үшін мемлекеттік органдарға бюджеттік тәуелсіздік беріледі, қаражат пен функцияларды тек орталықтан өңірге ғана емес, сонымен қатар ө…

0
0
193

Қайырымды қоғам – таза экология

Дамыған мемлекеттер экономика мен қоғамдық сананы «экологияландыруға» және табиғатты қорғау бойынша кешенді шараларды белсенді іске асыруға көше бастады. Осыған байланысты, «Nur Otan» партиясының экологиялық саясаты келесі міндеттерді шешуге бағытталады: Қазақстанның 2050 жылға дейінгі көміртекті аз тұтына даму тұжырымдамасы қабылданады. Ол «жасыл өсім», климаттың өзгеруіне бейімделу және экономиканы декарбонизациялау шараларын қамтиды. Біз шөлейттенудің, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының, Байқоңыр ғарыш айлағының және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтірудің экологиялық мәселелерін шешуді жалғастырамыз. Орал өзені бассейінінің экожүйесін сауықтыру бойынша бағдарлама қабылданады және көлдерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Біз елімізде 2 миллиард, оның ішінде қалал…

0
0
260

Баршаға қолжетімді спорт

Бұрын кәсіби спорт клубтарына бағытталатын қаражат бұдан былай халықты, бірінші кезекте балаларды дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысуға тартуға қайта бағдарланатын болады. Мұғалімдердің еңбекақысы 2023 жылға қарай 2 есе өседі. Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырғаны және жүргізгені үшін негізгі базалық лауазымдық жалақысынан 100% мөлшерінде қосымша ақы қосылады. Әрбір ауылдық округте спорт инструкторы лауазымы ашылады. Жасөспірімдер мен жеткіншектер клубының саны барлық тірек ауылдарды қамти отыра, 1000-ға дейін ұлғайтылады. Барлық спорт кешендерінде ерекше қажеттіліктері бар ересектер мен балалар үшін спортпен шұғылдануға арналған жағдай жасалады. Ұлттық спорт түрлері жаңа қарқынмен дамиды. Біз ат спорты түрлерін (бәйге, көкпар, аударыспақ…

2
0
193

Саламатты ұлт

Азаматтарымыздың денсаулығы – «Nur Otan» партиясының негізгі басымдықтарының бірі. Біз отандық денсаулық сақтау жүйесі білікті кадрлармен, заманауи құрал-жабдықтармен, диагностика және емдеу әдістерімен қамтамасыз етуге бағытталған тиімді шараларды қажет етеді деп санаймыз. Біз медициналық кадрларды оқытудың халықаралық стандарттарына өтеміз, медицина қызметкерлерін, оның ішінде балалар дәрігерлерін қоса алғанда нақты салаға терең бейімделген қызметкерлерді даярлауға арналған гранттар санын өсіреміз. 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өсіп, кем дегенде 550 000 теңге, ал орта медициналық персоналдың жалақысы кем дегенде 190 000 теңге болады. Әрбір өңір дәрі-дәрмектің, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың қажетті резервімен қамтамасыз етіледі. Денсаулы…

0
0
220

Парасатты және зияткер қоғам

Әрбір азамат жаңа білімге ұмтылып, тұрақты түрде дамуы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, қоршаған ортаны қорғауы қажет. Біз осынау талпыныстарды қызу қолдаймыз. ПАРАСАТТЫ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕР ҚОҒАМ Партиямыз мәдени құндылықтарымыздың сақталуы мен өркендеуін ұдайы қолдайды. Өйткені ол – қоғамымыздың құнды қазынасы. Біз шығармашылық пен өнер өкілдерінің, жас ақындар мен жазушылардың, драматургтердің, сценаристер мен публицистердің, сондай-ақ киноиндустрия, мұражайлар мен кітапхана өкілдерінің жетістіктерін айтыс, мүшайра, жыр-терме, конкурстар, фестивальдар, әдеби оқулар, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар және басқа да іс-шаралар өткізу арқылы ілгерілететін боламыз. 2025 жылға дейін біз 1500 мәдениет нысанын салып, жөндеу жүргіземіз. Біз қаражат бөлудің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, ж…

0
0
223

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін, оның ішінде пандустармен, бейімделген лифттермен, дәретханалармен, зағиптарға арналған бағыттаушы белгілермен қамтамасыз етуді қоса алғанда инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғастырылады. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанына ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту, қоғамда оларға сыйластықпен және құрметпен қарым-қатынас жасауды қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Мүгедектерді жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықтары ашылады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өзіне ыңғайлы жұмысты таңдауы мақсатында Мамандықтар атласы жасалады. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын…

2
0
378

Аға ұрпаққа қамқорлық

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында біз медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырамыз, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасаймыз. Барлық жалғыз басты және аса мұқтаж қарт азаматтарға атаулы көмек көрсетіледі. Біз ынтымақты зейнетақыға жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ке индексация жүргіземіз. Зейнетақыны ресімдеу мен тағайындау жөніндегі барлық рәсімдер проактивті форматқа көшіріле отырып, электронды түрде көрсетілетін болады. Қарттардың ауруларын емдеуге мамандандырылған медициналық кадрларды даярлау ұйымдастырылады. Әр өңірде егде жастағы адамдар үшін олардың өмір сапасын, д…

1
0
173