Бүгін "Nur Otan" партиясы
және ауданның жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Бұл біздің болашағымыз" тақырыбында аудан жастары Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы аға буын өкілдерімен онлайн режимінде жүздесті. Кездесу барысында аға буын өкілдері еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері жайында жастармен бөлісіп, өздерінің де ауданның көркейіп даму жолында атқарған еңбектері жайлы да тілге тиек етті. Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, аға буын өкілдері тарапынан тұшымды жауап алды.
