Мазмұнға өту

Жаңа

Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты.

Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Jas Otan»-ның Съезінде

#NurOtan #Elbasy #JasOtan

0
0
159

Кәсіподақ өкілдерімен кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында кәсіподақ өкілдерімен кездесу өтті.

Шараны жүргізген аудандағы партия филиалы төрағасының орынбасары Дастан Буханов қатысушыларға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында таратпа материалдарды таратып, ондағы бағдарламаның басым бағыттары түсіндіре отырып, бірге атсалысуға шақырды.

0
0
167

Ауданымыздың белді тұлғаларының бірі Тұралы Джолышов

Джолышов Тұралы Ботақараұлы - 24.07.1990  жылы туған.

Еңбек жолы:

12.12.2011-25.06.2013 ж.ж. «Бейнеу аудандық жастар ісін үйлестіру орталығы» ММ маманы;

27.06.2013-27.06.2014 ж.ж. Павлодар қаласы, Солтүстік өндірістік ауданы, 6679 әскери бөлімі, мерзімді әскери қызмет;

08.08.2014-03.10.2016  ж.ж. «Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ  маманы;

03.10.2016-26.06.2017 ж.ж. Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ   әкімшілік бөлімінің меңгерушісі;

26.06.2017 – 04.05.2019 «Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ  директорының орынбасары;

04.05.2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ  директоры.

- Студенттік жастар ісі комитетінің және  студенттік парламенттің мүшесі;  

 -  «Қазақстанның студенттер Альянсы» және «Jas Otan» Жастар қанатының мүшесі; 

 - 2012-2013 ж.ж. Бейнеу аудандық «Jas Otan» Жастар қанатының атқарушы хатшысы; 

 - «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасының үздік менторы;

 - «EXPO – 2017» халықаралық көрмесінде Маңғыстау облысының күндерін өткізуге ұйымдастыру алқасының мүшесі;

 - Маңғыстау облысындағы «Бизнес 3 күнде» қайырымдылық жобасының үйлестірушісі;

- 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бейнеу ауданы әкімінің әлеуметтік сала және БАҚ жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі;

- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы «Арнайы мониторинг тобының» мүшесі және Бейнеу ауданы бойынша жетекшісі;

- «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Бейнеу ауданы бойынша филиалының жетекшісі;

- 2017 жылдан бастап «Бейнеу ауданы Азаматтық Бастамасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Жетістіктері:

-     «Nur Otan»  ХДП  «Jas Otan»   Жастар  қанатының атқарушы хатшысының Алғысы

- 2015ж, Қазақстан Республикасы Президентінің  Алғысы;

- 2015ж, «Жас Отан» Жастар қанаты төрағасының Алғысы;

- 2015ж, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының Алғысы;

- 2016ж, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы;

- 2016ж, Бірікке ұлттар ұйымының Маңғыстау облысы бойынша бағдарлама менеджерінің Алғысы;

- 2016ж, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департамент директорының Алғысы;

- 2016ж, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XII еңбек маусымының «Үздік жұмыс беруші» номинация дипломы;

- 2017ж, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарының Алғысы;

- 2017ж, «Жастар сыйлығы – 2017» облыстық жастар премиясының «Ерікті көмекші» номинациясы Дипломы;

- 2017ж, Республикалық конкурстың аудандың деңгейіндегі «Ғани Мұратбаев сыйлығы» дипломы;

- 2017ж, Қазалы ауданы әкімінің «Ғани Мұратбаев» атындағы медалі; 

- 2016ж, Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғысы;

- 2018ж, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының Алғысы;

- 2018ж, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының Маңғыстау облыстық филиал басшысының Алғысы;

- 2019ж, Маңғыстау облысы әкімінің Алғысы;

- 2019ж, Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігі басшысының Алғысы;

- 2019ж, Жастар корпусын дамыту жобасының МЕНТОРЫ және жаттықтырушы сертификаты;

- 2020ж, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының Құрмет грамотасы;

0
0
278

С.Жұбанов «Есіктен-есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

"Nur Otan" партиясы Бейнеу аудандық филиалының облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидат С.Жұбанов «Есіктен-есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Акция барысында тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, өздерінің сайлауалды бағдарламасында мақсат етіп отырған негізгі міндеттерімен таныстырды.

#𝗻𝘂𝗿𝗼𝘁𝗮𝗻

#𝗷𝗲𝗻𝗶𝗺𝗽𝗮𝘇𝗯𝗼𝗹

#𝘁𝗮𝗻𝗱𝗮𝘆2021

#𝗯𝗶𝘇𝗯𝗶𝗿𝗴𝗲𝗺𝗶𝘇

0
0
150

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар халықпен кездесті

Бүгін Қарағанды қаласындағы «Гоголевский пассаж» дүкенінде үгіт-насихат жұмысы жүргізілді. Дүкенге келуші қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі, әлеуметтік жағдайды жақсарту және тағы басқа бағытта партияның бес жыл ішінде атқаратын жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар, үгіт-насихат материалдарын таратылды.

Өздеріңізге белгілі еліміз Тәуелсіздік алған жылдан бастап партияның бастамасымен көптеген жұмыстар атқарылып келеді және атқарылады да. Бүгінгі таңда халықтың партияға деген сенімі мол. Себебі, «Nur Otan» - нақты істер партиясы. Еліміздегі Жетекші партия.

0
0
176

Мұнайшылармен тілдесті

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Абдукаликов Мұса Жақыпұлы  «Торғай Петролеум»  АҚ-ның  жұмысшыларымен кездесті.  Zoom бағдарламасы арқылы ұйымдастырылған шараға мұнай саласының мамандары қатысты.

Кездесуде үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қаламызды дамыту бағытындағы ауқымды жоспарлармен бөлісті.  Онлайн бағыттағы жүздесу барысында мұнайшыларды алаңдатып отырған маңызды мәселелер талқыға салынды. Мәселен, олардың тараптарынан тұрғын үй, жол және газ мәселері  бойынша сұрақтар қойылды.

Сондай-ақ, мұнайшыларға тиесілі әлеуметтік мәселелердің негізділеріне тоқталып, аталмыш салаға болашақта енгізілетін жаңалықтарды ескеру керегі де айтылды.

Айте кетейік, сайлауалды бағдарламада мұнай саласының ілгерлеуі бағытында айқын жоспарлар нақтыланған.

0
0
218