Мұнайшылармен тілдесті
Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Абдукаликов Мұса Жақыпұлы «Торғай Петролеум» АҚ-ның жұмысшыларымен кездесті. Zoom бағдарламасы арқылы ұйымдастырылған шараға мұнай саласының мамандары қатысты.
Кездесуде үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қаламызды дамыту бағытындағы ауқымды жоспарлармен бөлісті. Онлайн бағыттағы жүздесу барысында мұнайшыларды алаңдатып отырған маңызды мәселелер талқыға салынды. Мәселен, олардың тараптарынан тұрғын үй, жол және газ мәселері бойынша сұрақтар қойылды.
Сондай-ақ, мұнайшыларға тиесілі әлеуметтік мәселелердің негізділеріне тоқталып, аталмыш салаға болашақта енгізілетін жаңалықтарды ескеру керегі де айтылды.
Айте кетейік, сайлауалды бағдарламада мұнай саласының ілгерлеуі бағытында айқын жоспарлар нақтыланған.
