Мазмұнға өту

Жаңа

Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты.

Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Jas Otan»-ның Съезінде

#NurOtan #Elbasy #JasOtan

0
0
146

Кәсіподақ өкілдерімен кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында кәсіподақ өкілдерімен кездесу өтті.

Шараны жүргізген аудандағы партия филиалы төрағасының орынбасары Дастан Буханов қатысушыларға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында таратпа материалдарды таратып, ондағы бағдарламаның басым бағыттары түсіндіре отырып, бірге атсалысуға шақырды.

0
0
154

Ауданымыздың белді тұлғаларының бірі Тұралы Джолышов

Джолышов Тұралы Ботақараұлы - 24.07.1990 жылы туған.Еңбек жолы:12.12.2011-25.06.2013 ж.ж. «Бейнеу аудандық жастар ісін үйлестіру орталығы» ММ маманы;27.06.2013-27.06.2014 ж.ж. Павлодар қаласы, Солтүстік өндірістік ауданы, 6679 әскери бөлімі, мерзімді әскери қызмет;08.08.2014-03.10.2016 ж.ж. «Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ маманы;03.10.2016-26.06.2017 ж.ж. Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ әкімшілік бөлімінің меңгерушісі;26.06.2017 – 04.05.2019 «Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары;04.05.2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ директоры.- Студенттік жастар ісі комитетінің және студенттік парламенттің мүшесі; - «Қазақстанның студенттер Альянсы» және «Jas Otan» Жастар қанатының мүшесі; -…

0
0
264

С.Жұбанов «Есіктен-есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

"Nur Otan" партиясы Бейнеу аудандық филиалының облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидат С.Жұбанов «Есіктен-есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Акция барысында тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, өздерінің сайлауалды бағдарламасында мақсат етіп отырған негізгі міндеттерімен таныстырды.

#𝗻𝘂𝗿𝗼𝘁𝗮𝗻

#𝗷𝗲𝗻𝗶𝗺𝗽𝗮𝘇𝗯𝗼𝗹

#𝘁𝗮𝗻𝗱𝗮𝘆2021

#𝗯𝗶𝘇𝗯𝗶𝗿𝗴𝗲𝗺𝗶𝘇

0
0
136

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар халықпен кездесті

Бүгін Қарағанды қаласындағы «Гоголевский пассаж» дүкенінде үгіт-насихат жұмысы жүргізілді. Дүкенге келуші қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі, әлеуметтік жағдайды жақсарту және тағы басқа бағытта партияның бес жыл ішінде атқаратын жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар, үгіт-насихат материалдарын таратылды.

Өздеріңізге белгілі еліміз Тәуелсіздік алған жылдан бастап партияның бастамасымен көптеген жұмыстар атқарылып келеді және атқарылады да. Бүгінгі таңда халықтың партияға деген сенімі мол. Себебі, «Nur Otan» - нақты істер партиясы. Еліміздегі Жетекші партия.

0
0
158

Мұнайшылармен тілдесті

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Абдукаликов Мұса Жақыпұлы «Торғай Петролеум» АҚ-ның жұмысшыларымен кездесті. Zoom бағдарламасы арқылы ұйымдастырылған шараға мұнай саласының мамандары қатысты.

Кездесуде үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қаламызды дамыту бағытындағы ауқымды жоспарлармен бөлісті. Онлайн бағыттағы жүздесу барысында мұнайшыларды алаңдатып отырған маңызды мәселелер талқыға салынды. Мәселен, олардың тараптарынан тұрғын үй, жол және газ мәселері бойынша сұрақтар қойылды.

Сондай-ақ, мұнайшыларға тиесілі әлеуметтік мәселелердің негізділеріне тоқталып, аталмыш салаға болашақта енгізілетін жаңалықтарды ескеру керегі де айтылды.

Айте кетейік, сайлауалды бағдарламада мұнай саласының ілгерлеуі бағытында айқын жоспарлар нақтыланған.

0
0
206