«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлімі құрылды.
Қоғамдық қабылдауды Қазығұрт аудандық мәслихаттының депутаттығына үміткер, Даулен Агзамович Абдрасилов өткізді.
Аудан тұрғындары Сансызбаев Мерген Асанович және Тасполатов Нұрсұлтанның табиғи газ, жол, таза су, әлеуметтік мәселелер туралы өтініштеріне заң талаптарына сай жауап берді...
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлімі өз жұмысын бастады. Қоғамдық қабылдауды Қазығұрт аудандық мәслихаттының депутаттығына үміткер, Тулешова Гулмира Есенкелдиевна өткізді.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар: Қабашбеков Бекболат пен Жақсылық Жәнібектің арыз-шағымын қарады.
Олардың әлеуметтік мәселелер туралы өтініштеріне заң талаптарына сай жауап берді...
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
Алда жасотандықтар партия белсенділерімен бірге 6 миллиондай үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысады. Тек алғашқы бірнеше күннің ішінде 1,3 млн. постер мен брошюралар үлестірілді.
⠀
Өздеріңізге мәлім, жуырда Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның жастар қанатының V Съезі өтті. Онда таяудағы 5 жылға арналған нақты нысаналы көрсеткіштері бар «Jastar Otanga» бағдарламасы қабылданды.
⠀
Қашанда жастар – кез келген елдің болашағы. Сондықтан да олардың өз қабілеттерін іске асыруларына жағдай жасау, сапалы білім алуына жол ашу, бос уақыттарын тиімді өткізіп, жұмыспен қамту мәселелері ¬- «Nur Otan» партиясы үшін әрдайым басымдықта.
⠀
Сонымен, қажеттілігі басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар санын 50%-ке көбейту, студенттер стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттардікін - 1,5 есе көтеріп, колледждер мен университеттер жатақханаларында жаңадан кемінде 50 мың орын енгізу көзделуде.
⠀
Сондай-ақ, жылына орташа алғанда 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасы іске қосылады. Жас кәсіпкерлерге бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жылына 10 мың грант беріледі.
⠀
Ауылдық жерлерде спорт нысандары мен алаңдарын, 450 мыңнан астам жасты қамтитын заманауи демалыс орындарын салу жоспарланған.
⠀
Бәріміз бірлесе отырып алға қойған барлық міндетті іске асыратынымызға сенімдімін.
11 желтоқсаннан бастап еліміз бойынша «Nur Otan» партиясы республикалық және өңірлік сайлауалды штабтарының жанынан 225 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.
«Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген адамдары азаматтарды қабылдайды. Қабылдау онлайн-форматта да жүргізіледі. Жалпы, үгіт-насихат кезеңінде 9 мыңға жуық азаматты қабылдау жоспарланып отыр.
Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық қабылдаулар – партияның тұрғындармен кері байланысының және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі.
Осы жылдың 11 айында «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 385 мың өтініш келіп түсті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
Сонымен қатар, соңғы 5 жылда қоғамдық қабылдауларға шамамен 1,2 млн адам жүгінсе, оның ішінде 386 мыңы – онлайн форматта. Олардың 92% оң шешімін тауып, тегін консультация беріліп, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді.
Талдау көрсеткендей, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері алаңдатқан, олардың үлес салмағы – 30%. Сол сияқты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету саласы бойынша – 7% құрап отыр.
Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:
Біздің алдымызда елдігіміз сынға түсетін сындарлы шақ тұр. Еліміз дағдарыстан қуатты ел болып шығуы үшін қазірдің өзінде жақсы дайындық жасауда. 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өткізілгелі отыр. Сайлау үлкен мәні бар саяси оқиға.
Осы бағытта жұмыс істегеннен кейін мен өзім алдымыздағы сындарлы сәтте еліміздің ынтымақпен сайлауға қатысатынына әбден сенемін. Біз осы бағытта, яғни, елдікті нығайтуға, бірлікті бекем етуге жұмыс істедік.
Өйткені, біз осы қадамымыз арқылы еліміздің ертеңгі күніне берік байлам жасап, болашағымызды таңдап әрі нығайтып отырмыз.
Мен өзім Целиноград ауданындағы тұратын халқыма өнеріммен қызмет етіп келемін. «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев¬пен талай мәрте ән салып, тіпті бейресми түрде оның жеке концертмейстері атану – мен үшін үлкен құрмет.
Баспаналы болуым да Елбасының арқасы деп білемін. ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағына өзі ұсынды, қанатының астына алып жүретін. Онысын өнерге деген риясыз махаббаты деп білемін.
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан да, Отанымыз бір, тағдырымыз бір. Құрметті ағайын! Еліміздің барлық қоғамдық бірлестіктері мен мәдениет саласының қызметкерлерін, үкіметтік емес ұйымдарын, барша азаматтарды сайлауға қатысуға атсалысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын!
Амантай ЖҰМАШЕВ,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының бас хормейстері