Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

11 желтоқсаннан бастап еліміз бойынша «Nur Otan» партиясы республикалық және өңірлік сайлауалды штабтарының жанынан 225 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.

«Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген адамдары азаматтарды қабылдайды. Қабылдау онлайн-форматта да жүргізіледі. Жалпы, үгіт-насихат кезеңінде 9 мыңға жуық азаматты қабылдау жоспарланып отыр.

Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық қабылдаулар – партияның тұрғындармен кері байланысының және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі.

Осы жылдың 11 айында «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 385 мың өтініш келіп түсті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

Сонымен қатар, соңғы 5 жылда қоғамдық қабылдауларға шамамен 1,2 млн адам жүгінсе, оның ішінде 386 мыңы – онлайн форматта. Олардың 92% оң шешімін тауып, тегін консультация беріліп, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді.

Талдау көрсеткендей, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері алаңдатқан, олардың үлес салмағы – 30%. Сол сияқты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету саласы бойынша – 7% құрап отыр.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. Жітіқара аудандық сайлау штабы - тел.87143522101

3. Whatsapp 8 708 201 57 15;

4. Электронды пошта [email protected]

0
0
199

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау - Yvision.kz