Мазмұнға өту

Жаңа

Ойла: Мәңгілік ел - Қазақстан

"Мәңгілік ел-Қазақстан" фотоальбомы Қазақстан Республикасының жалпы  сипаттамасын, табиғатының көзбен көріп, тамашалауға тұрарлық, туризмі  дамыған көрікті жерлерін, айтулы тарихи орындарын, қысқаша экономикалық-  саяси ахуалын көрсететін, сонымен қатар қазақ халқының өзіне тән ұлттық  құндылықтары мен еңбек түрлерін, маусымдық қоныстарын,  салт-дәстұрлерін, киімдері мен музыкалық аспаптарын, ойындарын,  тағамдары мен қолөнер бұйымдарын, т.б. ерешеліктерін, фотосуреттермен  бірге таныстыратын басылым болып табылады.Оқырман қауым, бұл басылымнан  тәуелсіз жас  мемлекет - заманауи Қазақстанның атын әлемге танытып  жүрген тұлғалар туралы да біле алады.  

Фотоальбом "Вечная страна -Казахстан"- издание с фотографиями, которое  даёт общее описание Республики Казахстан, показывает достойные  восхищения прекрасные уголки природы, туристические обьекты,  известные  исторические места, краткую экономико-политическую ситуацию страны, а  также знакомит с национальными ценностями и трудовыми занятиями  казахского народа, особенностями сезонных кочевий, казахскими традициями  и обрядами, национальной одеждой и музыкальными инструментами,  национальными играми, казахской кухней и предметами прикладного  искусства.Читатель также может узнать о личностях, прославивших молодое  независимое государство - современный Казахстан.

0
0
265

Түркістан – қазақ елінің рухани жүрегі

Құрметті достар! Қасиетті Түркістанға ат басын тіредім. Бұл жолғы сапарда көне қаланың қақпасы іспеттес жаңа әуежайға қондық. Заманауи үлгіде салынған әуежай ғимараты еңселі, көркі көз тартады. Аумағы атшаптырым жерді алып жатқан халықаралық әуежай жылына 3 миллиондай жолаушыны қабылдауға қауһарлы екен. Бұл нысан Түркістанды тұтас әлеммен жалғап, киелі өлкенің өрісін кеңейтуге, туристік әлеуетін арттыруға зор серпін беретіні сөзсіз.

Тұңғыш Президент Жарлығымен облыс орталығы мәртебесін алған Түркістан шаһары қысқа уақытта түлеп, алып құрылыс алаңына айналды. Жаңа ғимараттар бой көтеріп, сән-салтанаты арта түсті. Солардың бірі – осынау халықаралық әуежай. Жуырда ғана Елбасының өзі оны салтанатты түрде арнайы ашты.

Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, «Тарихы бай, тағылымы терең Түркістанның еліміз үшін орны бөлек. Түркістан – қазақ елінің рухани жүрегі». Сондықтан да біз еліміз үшін маңызы зор алдағы сайлау бойынша партиямыздың өңірлердегі үгіт-насихат науқанын түгел Түркі тәу еткен қасиетті қаладан бастауды жөн көріп отырмыз. Ендеше, іске сәт!

Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары

4
0
225

Онлайн кездесу "Қиындықты еңсеріп,жеңіске бірге жетеміз!

Достар! "Nur Otan" партиясының атынан кандидат ретінде сізді ертең желтоқсан айының 14-і күні сағат 11:00де өтетін онлайн кездесуге шақырамын. Кездесу білім беру саласында қызмет етіп, тер төккен ардагерлермен өткелі жатыр. Бұл кездесуге сізді де шақырамын, кездесу онлайн Zoom форматында өтеді.

0
0
282

Үгіт-насихат жұмыстары Қарақия ауданында жалғасуда

Кездесу барысында Жалекеев Нурхат өзінің тұратын Жаңақұрылыс көшесінің жарық мәселесін қозғады. Көшеде жарық шамдарын ауыстырып беруін өтінді. Және де кәсіпкерлер атынан жалға алатын ғимараттардың газ, су, электр энергиясы ақшасының екі есе қымбат екенін ескере кетті, сол бойынша бағаны халыққа тиімді етіп коюын өтінді. Сонымен қатар аталмыш ауылдың тұрғыны Қоканов Мейрам деген азаматтың шаңырағында да болды. Ол кісі Жетібай ауылына жаңа үлкен футбол алаңы керек екенін айтты. Көше жолдарына бағдаршам орнатып берсе екен деген ұсыныстар тастады.

Ауыл халқы да өз тараптарынан алғысын білдіріп, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.

1
0
228

Маңғыстауда «Есіктен есікке» акциясы өтуде

«Есіктен есікке» акциясы барысында Түпқараған ауданының сайлауалды штабының төрайымы Светлана Жолдасова мен аудандық штаб мүшелері Ақшұқыр ауылының №2 және 5 кварталдарына барды.

Акция аясында белсенділер Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, тұрғындарға алдағы сайлау туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, «Қазақстанның 7 басты жетістігі», «Nur Otan партиясына дауыс бер», «Біз бірге жаңа жетістіктерге жетеміз!» тақырыптарында үгіт-насихат материалдарын таратты.

Бүгінде Ақшұқыр ауылында 11 205 адам тұрады. Ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын және қызықтыратын көптеген сұрақтар қойды және өз тілектерін жеткізіп  ұсыныстарымен бөлісті.

Аудандық штаб мүшелері Nur Otan партиясының атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып, ауыл тұрғындарымен әңгімелесті.

Партияның Түпқараған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Жолдасова үгіт-насихат жұмыстары тікелей эфирде ашық диалог форматында өтіп жатқанында атап өтті.

0
0
205

«OIL CONSTRUCTION COMPANY» қызметкерлерімен кездесу өтті

Кездесу барысында Ахмет Салманов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 7 басым бағыты түсіндіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жұмыстары, бүгінгі таңда жұмыс бағытындағы оң өзгерістер туралы сөз қозғады. Оған қоса тұрғындар тарапынан осы уақытқа дейін көтеріп келе жатқан мәселелерінің нәтижелі орындалып жатқанын сөз етті.

«Қала экономикасын тұрақты дамыту үшін бізге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды нығайту және өңдеу өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын құру және жұмысшылар санының қысқаруын алдын алу үшін іс-шаралар қолдану қажет. Атап айтар болсақ, 2021 жылы кабельдер мен трансформаторлар шығаратын зауыт салу, 2022 жылы каустикалық сода және хлор өндіру зауытын салу, 2022 жылы минералдық тыңайтқыштарды қайта өңдеу зауытын жаңғырту, 2022 жылы көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу кешенінің құрылысы және 2023 жылы шойын өндіретін зауытын салу. Сіздің таңдауыңыз біздің болашағымызды айқындайды. Сол себепті баршаңызды 10 қаңтар күні Nur Otan-ға дауыс беруге шақырамын» – деді өз сөзінде А.Салманов

7 басым бағытта кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жолдың сапасын жақсарту, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, медициналық қызмет көрсету, білім беру саласының сапасын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту т.б. мәселелері қамтылған. Кездесуде нақты атқарылатын жұмыстар легі таныстырылғаннан кейін қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылып, партияның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

0
0
194