Мазмұнға өту

Жаңа

Күткен сәт басталды

Сонымен күткен сәт басталды. Күні кеше республикалық штабтың ашылуы партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің жетекшілігімен онлайн форматта өтті. Жиында арнайы сөз алып, сайлаушысы мол, ең белсенді өңірдегі дайындықтың барысы туралы баяндадым.

Артынша Түркістанның түрлі саладағы тұлғалары мен іскер топ өкілдерінен құралған "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы жанындағы қоғамдық штабтың да ашылу рәсімін жасадық. Оған жетекшілік ету маған жүктелді. Құрамына 100-ден астам азаматтарды біріктірген штабымыз науқанға сақадай-сай әзірлікпен келді.

Осы жолы алғаш рет сайлауалды бағдарламалар жергілікті жерлерде яғни аудандардың өзінде жасалды. Өңірдегі проблемалар түгелге жуық ендіріліп, алдағы 5 жылда шешу жолдары нақты қарастырылды. Тұрғындармен кездесулерде облыстың аудан-қалаларының 16 бағдарламасын тарқатып айтуға, тасада қалған өзге де түйіткілдер болса жоспарға енгізуге барынша басымдық береміз. Бір айдың ішінде 4 мыңнан астам түрлі сайлауалды шараларды жүзеге асыру жоспарымызда бар. Тіркеуге алынған 632 үміткерден бөлек насихаттық жұмысқа 1000 жас еріктіні еңбекақы төлеу арқылы тартып отырмыз. Әсіресе ауыл-аудандардағы жұмыссыз жастарды молынан қамтуға тырыстық. Олар кешегі түннен бастап үгіт материалдарын таратуға белсенді түрде кірісіп кетті.

Осы бір айда өңірдегі әрбір елді-мекенге яғни 836 ауылға партия өкілінің жетуіне, ондағы халықтың көзқарасы мен проблемаларына барынша көңіл аударуды көздеп отырмыз. Ал сайлаудан кейін мәслихат пен Мәжіліске өткен депутаттар арқылы оны оңтайлы шешуге ұмтылатын боламыз. Сонымен бірге санитарлық норманы сақтап, көшелер мен аулаларда, жекелеген отбасыларда емін-еркін кездесулер мен пікірлесу форматына жүгінеміз. Осындай нақты әрекеттер елмен етене араласуға, ортақ проблемаларды тиімді шешуге тікелей септігін тигізеді деп ойлаймын. Ендеше сындарлы кезеңде сынаққа түскен баршаларыңызға елден қолдау болғай!

0
0
230

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының V съезіне қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының V съезіне қатысты.

Елбасы жастар қанатының мүшелерін «Jas Otan»-ның 20 жылдық мерейтойымен және келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.

– Мен бүгінгі таңда күллі қазақстандықтар мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.

– Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. Бес жыл бұрын Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың ішінде оқу орнында бес мыңға жуық маман даярланды. Мемлекет іске қосқан әлеуметтік лифттердің арқасында мыңдаған жас қазақстандық табысқа жетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы жастар қанатының мүшелеріне пандемия кезіндегі қайырымдылық шараларына және волонтерлік қызметке белсене атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті жастар белсенділігі әрдайым саяси прогрестің қозғаушы күштерінің бірі болғанына назар аударды.

– Қазіргі кезде жігерлі әрі бастамашыл болудың маңызы ерекше. Өйткені біз тез өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп отырмыз. Көпшілікке таныс өмір салты артта қалғаны сөзсіз. Технологиялар мүмкіндіктеріміздің әлеуетін айтарлықтай арттыруда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы елді дамыту және Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту ісіне жастардың белсене атсалысуының маңызын атап өтті.

– Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек. Бүгін айтылғандардың бәрін менің өсиетім деп түсініңдер, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

0
0
202

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауыл округы, Майлыошақ елді мекенінде орналасқан индустриялық аймақтағы өндірістік орындарды газдандыру мәселесін талқылау бойынша аудандық партия филиалы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Қазығұрт» индустриалдық аймағы (35 га) құрылып, аудан кәсіпкерлеріне мүмкіншілік жасалған. Қазіргі таңда, 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. Теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған.

Аймаққа 2015жылы, 800 кВт/сағ 3-категориялық электр энергиясына техникалық шарт, газға 300 м3/сағ. техникалық шарт алынған және су жүйесі «Келес» өзенінен алынып арнайы тазалағыштан өткізіліп таза ауыз су беріліп келген. Қазіргі таңда, су тазалағыш қондырғыларының фильтрлері толып, су беру тоқтатылған.

Аймақтағы жобалардың инфрақұрылым қуатына деген қажеттіліктерін ескеріп, «Қазығұрт» индустриалдық аймақтың инфрақұрылымдар құрылысы нысанының 2-кезеңіне электр энергиясын – 3500 кВт/сағ., газды – 2500 м3/сағ., ауыз су – 48 м3 тәулігіне ұлғайту бойынша Индустриялды аймақ инфрақұрылымның 2 кезеңіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 2019 жылы сараптамалық қорытынды алынды. Қорытындыға сәйкес жалпы сметалық құны  315,478 млн теңгені құрады. Жалпы индустриалды аймақтағы мәселенің шешімін табу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
209

225 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды!

11 желтоқсаннан бастап еліміз бойынша «Nur Otan» партиясы республикалық және өңірлік сайлауалды штабтарының жанынан 225 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.

«Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген адамдары азаматтарды қабылдайды. Қабылдау онлайн-форматта да жүргізіледі. Жалпы, үгіт-насихат кезеңінде 9 мыңға жуық азаматты қабылдау жоспарланып отыр.

Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық қабылдаулар – партияның тұрғындармен кері байланысының және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі.

Осы жылдың 11 айында «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 385 мың өтініш келіп түсті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

Сонымен қатар, соңғы 5 жылда қоғамдық қабылдауларға шамамен 1,2 млн адам жүгінсе, оның ішінде 386 мыңы – онлайн форматта. Олардың 92% оң шешімін тауып, тегін консультация беріліп, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді.

Талдау көрсеткендей, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері алаңдатқан, олардың үлес салмағы – 30%. Сол сияқты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету саласы бойынша – 7% құрап отыр.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. Whatsapp 8 700 800 4441;

3. Электронды пошта [email protected]

4. Қазығұрт ауданы бойынша: 8 747 286 1993

0
0
177

Аудан жастары "Jas Otan" V Съезіне қатысты

Онлайн режимде өткен шара барысында Елбасы жастар қанатының мүшелерін «Jas Otan»-ның 20 жылдық мерейтойымен және келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.

0
0
164

«Nur Otan» партиясының миссиясы - әр отбасының өмірін жақсарту!

Бұл туралы «Nur Otan»» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер «Бижан ет комбинаты» ЖШС жұмысшыларымен кездесуінде айтты. Болашақ депутаттар жиналғандарға партияның жетістіктерін еске салып, 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауда дауыс беру арқылы белсенді азаматтық ұстанымға шақырды.

Кездесуді ұзақ уақыт бойы білім беру саласын қадағалап келе жатқан облыстық мәслихаттың депутаты «Гормолзавод» ЖШС-нің директоры Әсен Жақсылықов жүргізді.

 «Өткен шақырылымның бес жылында біз ай сайын жиналып, білім беру мәселелерін талқыладық. Осы жылдар ішінде біз Ақмола облыстық білім беру саласын Қазақстан Республикасындағы 15-орыннан бесінші орынға шығардық. Мен мұны үлкен жетістік деп санаймын. Біздің партиямызда осындай 11 бағыт бар!» – деген ойымен бөлісті спикер. 

Сондай-ақ, кәсіпкер «Nur Otan» партиясы әрқашан адамдармен бірге болғанын, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерді шешкенін және бұл үшін қоғамдық қабылдау құрылғанын атап өтті.

«Той Дастархан» ЖШС директоры Елена Мащинская өзінің тұлға ретінде қалыптасу тарихын және бұл партиядағы маңызды рөлі бар екенін әңгімелеп берді. Елена Ивановна адамның өмірінде бір жағдай болғанда, ол мәселелер «Nur Otan»-ның құзырымен шешіліп отырғанын еске түсірді.

«Бүгінде жаңадан салынған «Болашақ Сарайы» балаларды оқытуға үлкен мүмкіндіктер береді. Және бұл біздің гүлденген мемлекетіміздің жетістігі. Жаңа үйлер, жолдар, бақтар, мектептер, ауруханалардың салынуы өмірімізді одан гүлдендіре түсуде. Егер барлығымыз қоғамымыздың игілігі үшін жұмыс жасасақ, мықты мемлекет құра аламыз», – деді кәсіпкер. 

Сондай-ақ, спикер «Nur Otan» партиясы қойған барлық міндеттер орындалатындығын атап өтіп, ақмолалықтарды әрқашан өз проблемаларын шешуде партияға жүгініп және партиямен тілектерін бөлісуге шақырды.

«Бүгінгі таңдағы «Nur Otan» партиясының міндеті - әр отбасының өмірін жақсарту», - деп атап өтті Мащинская.

Көпсалалы облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі Ерлан Аяғанов коронавирус пандемиясынан емдеудің өзекті мәселелеріне тоқталды.

«Өкінішке орай, коронавирус әр отбасына әсер етті. Біздің Президентіміз, Елбасымыз халқымыздың қауіпті індеттен құтқарылуына бар мүмкіндікті жасаған әлемдегі санаулы елдердің біріміз», – деді Ерлан Аяғанов. Спикердің айтуы бойынша, егер біз денсаулық сақтауды тұтастай алып қарайтын болсақ, онда Қазақстан іс жүзінде әлемде 99 пайыз медициналық көмек көрсетілетін жалғыз мемлекет болып табылады. Партия бізге қауіпті індеттен тексеруден өтуге және емделуге мүмкіндік беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда», – деп қосты Е.Аяғанов және жиналғандарды алдағы сайлауда үкіметті, «Nur Otan» партиясы мен Елбасын қолдауға шақырды.
«Кейбіреулер «Nur Otan» партиясын белгілі бір адамдардың ғана партиясы, басқаша айтқанда «мажорлар» деп санайды», – деді «Асыл Арман» ЖШС бас директорының орынбасары Омар Шанозаров, – Мен жастардың жарқын өкілімін, осы өңірдің тұрғыны, көпбалалы отбасында туғанмын, «Nur Otan» партиясымен тәрбиеленіп келемін. Менің өмірім спорттан басталып, сол жерден мен Қазақстан халқы Ассамблеясына келдім», деп әңгімеледі ол.

Толығырақ баяндамашы партияның жаңа құрамынан ақмолалықтар үшін не күтуге болатынына тоқталды. Өйткені, оның құрамына қуатты қоғамдық белсенділер, кәсіпкерлер, ғалымдар, білім және медицина өкілдері кіреді.

«Бүгін «Nur Otan» партиясы жаңа жоспармен алға қадам басып келеді. Мен бәрімізді біздің партия «Nur Otan» дауыс беруге шақырамын!», – деп түйіндеді О.Шанозаров.

Кездесуді қорытындылай келе, депутаттыққа кандидаттар «Nur Otan» партиясы тұрғындардың мәселелерін шешетіндігін және әр отбасының бақытты болуы үшін бәрін жасайтындығын тағы бір рет атап өтті.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық  Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Выборы-2021


0
0
1047

Нақты істер: қысқа да нұсқа

Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы жаңа қиындықтар туғызуда. Бірақ біз барлық сынақты бірге еңсеріп, жеңіске жететінімізге сенімдіміз!

Жыл бойы жүргізілген «партияны қайта жандандыру» жұмыстары «Nur Otan»-ның  мүшелерін жұмылдырып, азаматтардың мүддесі үшін атқарылып жатқан жұмысты күшейтуге мүмкіндік берді.

Осы орайда сіздердің назарларыңызға партия жайында хабардар ететін роликті ұсынбақпыз. Бейнероликте партия қатарында кімдер бар, партиялықтар отандастары үшін не тындыруда, сайлауалды бағдарламасында партия не ұсынатындығы түсінікті түрде толық баяндалған.

Ең алдымен, бүгінде «Nur Otan» – қоғам мен билік арасындағы нақты көпір. Партия мүшелерінің жалпы саны 800 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл – 4,5 мың бастауыш партия ұйымы мен 247 партия филиалы.

Еліміздің көптеген тұрғындары үшін «Nur Otan» өзекті мәселелерді шешуде соңғы инстанция болып отыр. 2016 жылдан бастап партияның қоғамдық қабылдаулары 1,2 млн. өтінішті қарады. Олардың басым бөлігі, яғни 92%-ы оң шешімін тапты.

Партияның қазіргі ұсынып отырғаны нақты іс-қимыл жоспары – «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» республикалық бағдарламасы. «Nur Otan» мұнымен ғана шектелмей, әр облыс, қала мен аудан үшін 216 сайлауалды бағдарламасын әзірледі. Ол үшін халықтың 17 мыңнан астам ұсынысы мен аманаты жиналды.

#NurOtan #BizBirgemiz #JeńimpazBol

0
0
296