Күткен сәт басталды
Сонымен күткен сәт басталды. Күні кеше республикалық штабтың ашылуы партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің жетекшілігімен онлайн форматта өтті. Жиында арнайы сөз алып, сайлаушысы мол, ең белсенді өңірдегі дайындықтың барысы туралы баяндадым.Артынша Түркістанның түрлі саладағы тұлғалары мен іскер топ өкілдерінен құралған "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы жанындағы қоғамдық штабтың да ашылу рәсімін жасадық. Оған жетекшілік ету маған жүктелді. Құрамына 100-ден астам азаматтарды біріктірген штабымыз науқанға сақадай-сай әзірлікпен келді.Осы жолы алғаш рет сайлауалды бағдарламалар жергілікті жерлерде яғни аудандардың өзінде жасалды. Өңірдегі проблемалар түгелге жуық ендіріліп, алдағы 5 жылда шешу жолдары нақты қарастырылды. Тұрғындармен кездесулерде облыстың аудан-қалалары…

