Жаңа
Адиева.А Джаумбаев.К Шораев.С қаламыздың білім беру саласының ардагерлерімен жүздесті.
Бүгін Атырау қаласы бойынша Қалалық маслихат депутаттығына үміткер ретінде мен,
Каршыга Джаумбаев Шораев Серболат қаламыздың білім беру саласы ардагерлерімен жүздестік.
Кездесу онлайн – форматында өтті.
Аталмыш шарада біз «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бөлімдеріне тоқталдық.
Басты назарды сапалы білім мен тәрбие жұмысына бөлдік.
Біз бұл басымдыққа білім беру жүйесіндегі ең өзекті мәселелерді шешу арқылы қол жеткізе аламыз:
1. 3 және 6 жас аралығында 100% -дық мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;
2. апатты және үш ауысымды мектептерді толығымен жою және барлық мектептерді білікті оқытушылармен толықтыру;
3. балабақшаларға қабылдау тәртібін цифрландыру;
4. бірыңғай білім беру онлайн – платформасын енгізу;
5. барлық ауыл мектептерін жоғары жылдамдықты ғаламтор желісімен қамтамасыз ету;
6. сұранысқа ие мамандықтар бойынша орта арнаулы оқу ордаларында тегін оқу үрдісін қалыптастыру;
7. оқытушылардың қызмет ақысын және студент жастардың шәкіртақысын 2 есеге көтеру және тағы басқа мәселелер.
Мен өзімнің баяндамамда қолжетімді білім беруді жетілдіру үшін жоғары оқу орындарында 50% көлемде гранттар санын көтеру және орта арнаулы білім беру орындарының инфрақұрылымдарын жаңарту мәселелеріне назар аудардым.
Менің сөзімнің маңызды бөлігі жас ғалымдардың ғылыми потенциалын көтеру үшін 1000 грант бөлу, сондай ақ, 2025 жылға дейін 1,5 есеге дейін магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысын көтеру болды. Мұндай бағытты ұстану ғылымның кадрлық потенциалын қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады.
Сондай ақ, сайлаушылардың мұғалім мәртебесі, олардың қызметтік жалақысы мен қосымша білім беруді дамыту туралы сұрақтарына түсіндірме жауаптар берілді.
Сонымен қатар, бірқатар ұсыныстар аталмыш заңға толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асып бастағанын атап өттім. Мысалы, білім беру саласындағы сұрақтарға заңнамалық жоба аясында депутаттардан толықтырулар ұсынылды, балаларға қосымша білім беру аясында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын дұрыс орналастыруға бағытталған.
Біздің партияның сайлауалды бағдарламасы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған және аталмыш уақыттағы барлық өзгерістерге дайын екендігін көрсетеді.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы шынайы, ашық және дұрыс екенін атап өтті.
Аталмыш шарада біз «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бөлімдеріне тоқталдық.
Әңгіме барысында “Nur otan” бағдарламасының білім беру саласының қосар үлестерін талқыладық. Еңбек жолын
Ұстаздыққа арнаған, мыңнан астам шәкірт тәрбиелеп, жүзден астам жас мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ат салысқан зейнеткер ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті.
“Nur otan” бағдарламасында
сапалы білім мен тәрбие жұмысына
Біз бұл басымдыққа білім беру жүйесіндегі ең өзекті мәселелерді шешу арқылы қол жеткізе аламыз:
1. 3 және 6 жас аралығында 100% -дық мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;
2. апатты және үш ауысымды мектептерді толығымен жою және барлық мектептерді білікті оқытушылармен толықтыру;
3. балабақшаларға қабылдау тәртібін цифрландыру;
4. бірыңғай білім беру онлайн – платформасын енгізу;
5. сұранысқа ие мамандықтар бойынша орта арнаулы оқу ордаларында тегін оқу үрдісін қалыптастыру;
Мен өзімнің баяндамамда мұғалімдердің пәндік қауымдастықтарын құрып, тоқсан сайын жиналып тәжірибелері мен шеберліктерімен бөлісу, педагог кадрларлың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелеріне назар аудардым.
Сондай ақ, сайлаушылардың мұғалім мәртебесі, олардың қызметтік жалақысы мен қосымша білім беруді дамыту туралы сұрақтарына түсіндірме жауаптар берілді.
Сонымен қатар, бірқатар ұсыныстар аталмыш заңға толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асып бастағанын атап өттім. Мысалы, білім беру саласындағы сұрақтарға заңнамалық жоба аясында депутаттардан толықтырулар ұсынылды, балаларға қосымша білім беру аясында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын дұрыс орналастыруға бағытталған.
Біздің партияның сайлауалды бағдарламасы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған және аталмыш уақыттағы барлық өзгерістерге дайын екендігін көрсетеді.
Бұл туралы сайлаушылардың пікірлері дәлел. Себебі олар
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы шынайы, ашық және дұрыс екенін атап өтті.

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Лұқбек Тумашинов Аягөз қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «Мөлдір сана» облыстық газетінің бас редакторы, «Аягөз ауданының құрметті азаматы» Бақытөмір Шалгумбаевтың үйіне барып, канвассинг өткізді. Іс-шара барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірлерге сапарлар мен партия өкілдерінің кейбір елді мекен тұрғындарымен өткен кездесулерінің қорытындылары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Б.Байбек партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының орталық және өңірлік деңгейдегі жоспарымен таныстырды.– Біз бюро отырысы мен партия съезін өткіздік. 216 сайлауалды бағдарлама бекітілді. Енді жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, – деді Елбасы.
Қоғамдық қабылдау өткізді
Қоғамдық қабылдау бөлмесінде алғашқы боп аудандық мәслихат депутаттығына кандидат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Бақыткүл Тиышбаева тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында кандидат Бақыткүл Әділбекқызы Nur Otan партиясының Мақат ауданының сайлауалды бағдарламасы бойынша түсінік берді.

Желтоқсанның он төртінші жұлдызында облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер
ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен кездесті. Жиынға ауылшаруашылығы саласының өкілдері, аудан, ауыл тұрғындары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен бөлісіп, тұрғындардың аталған сала бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.
Бүгін сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында
Айнабұлақ ауылының тұрғындарымен онлайн форматта кездесті. Онлайн кездесу барысында тұрғындарға сайлаудың жалпы мәліметі мен депутаттыққа үміткерлердің сайлауалды бағдаламасы толығымен түсіндірілді. Сонымен қатар жиынға қатысушылардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.
Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың кәсіподақ өкілдерімен кездесуі
Zoom платформасы арқылы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар М.Турымбетов, А.Жандарова, Е.Майлыбеков «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен кәсіподақ өкілдеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Онлайн (online) форматта бұл кездесуге қатысқан үміткерлер пікір алмасып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.


Әділдік пен береке үшін!
«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті
Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.
«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу маңызды. Біз көп адам жинайтын ауқымды іс-шаралар емес, шағын жиындарға көшеміз. Нақты әлеуметтік топтар – зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесеміз. Оларды толғандырған мәселелерді жан-жақты талқылап, сайлауалды бағдарламада көрсетілген мәселелердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу қажет. Шалғай ауылдарға дейін бару керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, біз көпшіліктің мәселесін тыңдап қана қоймай, оларды шешуіміз керек. Біз партия мен қоғам арасындағы кері байланысты нығайтып, азаматтардың талап-тілектерін жинауға тиіспіз. Үгіт-насихат науқанымыздың басты қағидасы – тұрғындармен тікелей және шынайы диалог орнатуға негізделеді», – деп атап көрсетті Б.Байбек.
Сонымен, тек Республикалық сайлауалды штаб аясында ғана 35 қала мен 82 ауданда 300-ден астам іс-шара өткізіледі. Облыстарда, қалалар мен аудандарда барлық 6,4 мың кандидат сайлаушылармен кездеседі. Онлайн-технологияларды ескерсек, жалпы іс-шаралар кемінде 9 миллионнан астам қазақстандықты қамтиды.
Бүгін nurotan2021.kz арнайы сайты іске қосылып, онда барлық сайлауалды бағдарлама мен партиялық тізімдер жарияланған.