Мазмұнға өту

Жаңа

Адиева.А Джаумбаев.К Шораев.С қаламыздың білім беру саласының ардагерлерімен жүздесті.

Бүгін Атырау қаласы бойынша Қалалық маслихат депутаттығына үміткер ретінде мен,Каршыга Джаумбаев Шораев Серболат қаламыздың білім беру саласы ардагерлерімен жүздестік.Кездесу онлайн – форматында өтті.Аталмыш шарада біз «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бөлімдеріне тоқталдық.Басты назарды сапалы білім мен тәрбие жұмысына бөлдік.Біз бұл басымдыққа білім беру жүйесіндегі ең өзекті мәселелерді шешу арқылы қол жеткізе аламыз:1. 3 және 6 жас аралығында 100% -дық мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;2. апатты және үш ауысымды мектептерді толығымен жою және барлық мектептерді білікті оқытушылармен толықтыру;3. балабақшаларға қабылдау тәртібін цифрландыру;4. бірыңғай білім беру онлайн – платформасын енгізу;5. барлық ауыл мектептерін жоғары жылдамдықты ғаламтор жел…

0
0
262

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Лұқбек Тумашинов Аягөз қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «Мөлдір сана» облыстық газетінің бас редакторы, «Аягөз ауданының құрметті азаматы» Бақытөмір Шалгумбаевтың үйіне барып, канвассинг өткізді. Іс-шара барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

КЕЗДЕСУДІҢ БЕЙНЕРОЛИГІ

25
0
240

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірлерге сапарлар мен партия өкілдерінің кейбір елді мекен тұрғындарымен өткен кездесулерінің қорытындылары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Б.Байбек партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының орталық және өңірлік деңгейдегі жоспарымен таныстырды.– Біз бюро отырысы мен партия съезін өткіздік. 216 сайлауалды бағдарлама бекітілді. Енді жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, – деді Елбасы.

0
0
168

Қоғамдық қабылдау өткізді

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде алғашқы боп аудандық мәслихат депутаттығына кандидат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Бақыткүл Тиышбаева тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында кандидат Бақыткүл Әділбекқызы Nur Otan партиясының Мақат ауданының сайлауалды бағдарламасы бойынша түсінік берді.

0
0
152

Желтоқсанның он төртінші жұлдызында облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер

ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен кездесті. Жиынға ауылшаруашылығы саласының өкілдері, аудан, ауыл тұрғындары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен бөлісіп, тұрғындардың аталған сала бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.

0
0
134

Бүгін сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында

Айнабұлақ ауылының тұрғындарымен онлайн форматта кездесті. Онлайн кездесу барысында тұрғындарға сайлаудың жалпы мәліметі мен депутаттыққа үміткерлердің сайлауалды бағдаламасы толығымен түсіндірілді. Сонымен қатар жиынға қатысушылардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

0
0
148

Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың кәсіподақ өкілдерімен кездесуі

Zoom платформасы арқылы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар М.Турымбетов, А.Жандарова, Е.Майлыбеков «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен кәсіподақ өкілдеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Онлайн (online) форматта бұл кездесуге қатысқан үміткерлер пікір алмасып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

3
0
156

«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті

Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу маңызды. Біз көп адам жинайтын ауқымды іс-шаралар емес, шағын жиындарға көшеміз. Нақты әлеуметтік топтар – зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесеміз. Оларды толғандырған мәселелерді жан-жақты талқылап, сайлауалды бағдарламада көрсетілген мәселелердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу қажет. Шалғай а…

0
0
153