Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті

Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу маңызды. Біз көп адам жинайтын ауқымды іс-шаралар емес, шағын жиындарға көшеміз. Нақты әлеуметтік топтар – зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесеміз. Оларды толғандырған мәселелерді жан-жақты талқылап, сайлауалды бағдарламада көрсетілген мәселелердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу қажет. Шалғай ауылдарға дейін бару керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, біз көпшіліктің мәселесін тыңдап қана қоймай, оларды шешуіміз керек. Біз партия мен қоғам арасындағы кері байланысты нығайтып, азаматтардың талап-тілектерін жинауға тиіспіз. Үгіт-насихат науқанымыздың басты қағидасы – тұрғындармен тікелей және шынайы диалог орнатуға негізделеді», – деп атап көрсетті Б.Байбек.

Сонымен, тек Республикалық сайлауалды штаб аясында ғана 35 қала мен 82 ауданда 300-ден астам іс-шара өткізіледі. Облыстарда, қалалар мен аудандарда барлық 6,4 мың кандидат сайлаушылармен кездеседі. Онлайн-технологияларды ескерсек, жалпы іс-шаралар кемінде 9 миллионнан астам қазақстандықты қамтиды.

Бүгін nurotan2021.kz арнайы сайты іске қосылып, онда барлық сайлауалды бағдарлама мен партиялық тізімдер жарияланған.

0
0
136

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті - Yvision.kz