Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылу салтанаты өтті.

"NUR OTAN" партиясының Тұрар Рысқұлов аудандық филиалында бүгін 14 желтоқсан күні сайлауалды штабының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар жəне олардың сенімді өкілдері қатысты. Іс шараны штаб басшысы Қ. Арыстанбеков ашып, сайлау науқанындағы жұмысты біркісідей атқарып, жеңіс тұғырынан көрінуге сəттілік тіледі. Одан ары Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылудағы мақсаты жөнінде айтып өтті.

0
0
150

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің тұрғындармен кездесуі

14 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сапаров Бағдат Шамұратұлы, Кенжиев Ануарбек Айтқалиұлы, Нариманова Жадыра Нариманқызы тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында туындайтын міндеттер негізінде алдағы жылдары атқарылатын жұмыстарды таныстырды.

0
0
145

Аудандық маслихат депутаттығына үміткер Сабырғалиева Ақжібек Керімбайқызы тұрғындарды қабылдады

Аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық маслихат депутаттығына үміткер Сабырғалиева Ақжібек Керімбайқызы тұрғындарды қабылдады. Үміткер қабылдау барысында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ұсыныс-пікірлерін қабылдады.

0
0
259

Үгіт насихат жұмыстары Теңіз ауылдық округі тұрғындарымен

"Nur Otan " партиясының Құрманғазы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде саяси науқанның үгіт жұмыстарын Теңіз ауылдық округі тұрғындарымен бастадым

# Nur Otan

# Nur Otan Дауыс бер.

# BIZBIRGEMIZ

0
0
137

"Nur Otan" партиясы Индер аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы тұрғындармен кездесу

"Nur Otan" партиясы Индер аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Карашина А, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Индер ауданы бойынша филиалының директоры Сагынгалиев Д кентіміздегі азық-түлік дүкендеріне санитарлық нормалар мен маскалық режимді сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

0
0
146

«Анасы бар адамдар Ешқашан қартаймайды...»

12 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясының Медеу аудандық филиалында Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың қатысуымен көпбалалы аналармен үгіт-насихат кездесуі өтті. Кездесу барысында көпбалалы аналар «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламалары туралы хабардар етілді. Бұл бағдарламалар тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған. Облигациялар шығару есебінен партия 13 888 адамға арналған 3 472 пәтер салуға шамамен 50 млрд теңге бөлді. Тұрғын үй сатып алу кезегінде 26 175 адам тұр. Қалада тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі бір қала тұрғынына шаққанда 25,7 м2-ге дейін жақсарды, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 963 мұқтаж тұрғын, ал 2020 жылы тағы 3 593 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Партияның көмегімен 5 жыл іші…

0
0
229

Мерейғалы Қойшыбекұлы Ақсуат бастауыш партия ұйымы мүшелерімен онлайн режимінде кездесу өткізді.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мерейғалы Қойшыбекұлы Ақсуат ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы мүшелерімен онлайн режимінде кездесу өткізді.

0
0
138

"Есіктен есікке" акциясы қарқынды жүзеге асуда

"Есіктен есікке" акциясы қарқынды жүзеге асуда

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қайрат Қабдешұлы ауданымыздың тұрғындарына үгіт-насихат жүргізді. Шара барысында "Nur Otan" партиясының бағдарламасы түсіндірілді. Тұрғындарды алаңдатқан тұрғын үймен қамту бағыты мен әлеуметтік саланы дамыту бағыттары бойынша партияның бағдарламасымен таныстырды.