"NUR OTAN" партиясының Тұрар Рысқұлов аудандық филиалында бүгін 14 желтоқсан күні сайлауалды штабының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар жəне олардың сенімді өкілдері қатысты. Іс шараны штаб басшысы Қ. Арыстанбеков ашып, сайлау науқанындағы жұмысты біркісідей атқарып, жеңіс тұғырынан көрінуге сəттілік тіледі. Одан ары Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылудағы мақсаты жөнінде айтып өтті.
14 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сапаров Бағдат Шамұратұлы, Кенжиев Ануарбек Айтқалиұлы, Нариманова Жадыра Нариманқызы тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында туындайтын міндеттер негізінде алдағы жылдары атқарылатын жұмыстарды таныстырды.
Аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық маслихат депутаттығына үміткер Сабырғалиева Ақжібек Керімбайқызы тұрғындарды қабылдады. Үміткер қабылдау барысында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ұсыныс-пікірлерін қабылдады.
"Nur Otan " партиясының Құрманғазы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде саяси науқанның үгіт жұмыстарын Теңіз ауылдық округі тұрғындарымен бастадым
"Nur Otan" партиясы Индер аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Карашина А, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Индер ауданы бойынша филиалының директоры Сагынгалиев Д кентіміздегі азық-түлік дүкендеріне санитарлық нормалар мен маскалық режимді сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
12 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясының Медеу аудандық филиалында Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың қатысуымен көпбалалы аналармен үгіт-насихат кездесуі өтті. Кездесу барысында көпбалалы аналар «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламалары туралы хабардар етілді. Бұл бағдарламалар тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған. Облигациялар шығару есебінен партия 13 888 адамға арналған 3 472 пәтер салуға шамамен 50 млрд теңге бөлді. Тұрғын үй сатып алу кезегінде 26 175 адам тұр. Қалада тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі бір қала тұрғынына шаққанда 25,7 м2-ге дейін жақсарды, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 963 мұқтаж тұрғын, ал 2020 жылы тағы 3 593 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Партияның көмегімен 5 жыл ішінде 16,5 мың мұқтаж отбасы өз пәтерлерін алады, ал қала бойынша бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі 30 м2-ге дейін жеткізіледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылым тақырыптары қозғалды: 3,9 мың орындық 15 мемлекеттік балабақшаның құрылысы, бұл кезекті 23 мың орынға төмендетуге мүмкіндік береді. Айта кетсек , партия мұқтаж жандарға үздіксіз көмек көрсетуде: халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 245,5 мың адамға әлеуметтік көмек көрсетілді; аудандық әкімдіктер, "Nur Otan" партиясы және "жаңа Алатау" ҚҚ арқылы 53,6 мың адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етілді; 4,9 мың аз қамтылған отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 6 жасқа дейінгі 4 мыңға жуық балаға кепілдік берілген әлеуметтік пакеттер берілді.
Біз тек бірге нәтижеге қол жеткіземіз! Сіздің дауысыңыз біз үшін өте маңызды! БІЗ БІРГЕМІЗ!
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мерейғалы Қойшыбекұлы Ақсуат ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы мүшелерімен онлайн режимінде кездесу өткізді.
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қайрат Қабдешұлы ауданымыздың тұрғындарына үгіт-насихат жүргізді. Шара барысында "Nur Otan" партиясының бағдарламасы түсіндірілді. Тұрғындарды алаңдатқан тұрғын үймен қамту бағыты мен әлеуметтік саланы дамыту бағыттары бойынша партияның бағдарламасымен таныстырды.