Мазмұнға өту

Жаңа

ШҚО-да «Nur Otan» партиясының штабтарында қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істеп тұр

«Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енген кандидаттар, сондай-ақ партияның сенім білдірген адамдары азаматтарды күнделікті сағат 9.00 ден кешкі 18.00 дейін қабылдайды. Қабылдау онлайн-форматта да жүргізіледі. 

Қоғамдық қабылдаулар – партияның тұрғындармен кері байланысының және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі. Осы жылдың 11 айында «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 13 мың өтініш келіп түскен. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. 

Сонымен қатар соңғы 5 жылда қоғамдық қабылдауларға шамамен 73 мың адам жүгінсе, оның ішінде 8 мыңы – онлайн форматта. Олардың 92% оң шешімін тауып, тегін консультация беріліп, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді.

- Талдау көрсеткендей, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері алаңдатқан, олардың үлес салмағы – 30%. Сол сияқты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету саласы бойынша – 7%-ды құрап отыр, - деді «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының төрағасы  Олег Чугунков.

0
0
204

Қоғамдық қабылдау

Бүгін 14.12.2020жылы «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы кеңсесінде Алматы қаласы маслихат депутаттығына үміткер Есенгелдіұлы Ержан қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға өз мәселелерімен 7 азаматымыз келіп, бөлісті.

———————————————

Кандидат в депутаты маслихата г. Алматы Ержан Есенгельдиевич сегодня провел общественный прием в офисе Бостандыкского районного отделения партии «Nur Otan». 7 граждан пришли в общественную приемную и поделились своими проблемами.
#nurotan #nurotanalmaty

0
0
133

2021 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында өтетін сайлауға партиялардың агитациялық кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылдың қазан айының 21 жұлдызында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын. 

2021 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында өтетін сайлауға партиялардың агитациялық кезеңі басталды.

Осыған орай «Nur Otan» партиясынан Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар ұлттық ғылыми-медициналық орталығының ұжымымен агитациялық онлайн Zoom форматында кездесу өткізді.

Кездесу аясында Нұр-Сұлтан қаласы №6 қалалық емханасының бас дәрігері Динара Сәтжанқызы, «Олимп» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов, сондай-ақ, Динара Аманболқызы – Ұлы Отан соғысының мүмкіншілігі шектеулі жандар клиникалық орталығының басшысы қатысып және де ұлттық ғылыми- медициналық орталықтың ұжымы өздерінің сұрақтарын қойып тұщымды жауап алды.

Кездесу аясында мекеменің 50 белді қызметкерлері қатысып, аталған кандидаттардың мағыналы баяндамаларына ұсыныстарын айтты.

0
0
192

Сайлауалды штабының жұмыс барысы таныстырылды.

ШТАБТЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

11 қараша күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының аумақтық  сайлауалды штабының жұмыс барысы таныстырылды.

«Өздеріңіз білетіндей, 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Біздің филиал толық дайын: барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалды. Аумақтық сайлау комиссиясында біздің 22 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Оның ішінде 19 адам праймериз жеңімпазы, 3- адам партия филиалының квотасы бойынша. Партия басшылығының тапсырмасы бойынша біздің аудандық  сайлауалды штаб құрылды. Штаб құрамына  біздің ауданның тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығының22 кандидатыда бар. Штабтың 15 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие», - деді  аумақтық  сайлауалды штаб жетекшісі Ерболат Бекмулдин.

Алғы сөзден кейін Ерболат Мұратқалиұлы штаб құрамы мен штабтың жұмыс барысымен таныстырды.

- Арнайы құрылған желілік кестеге сәйкес 141 іс – шара, 23 көшпелі іс – шара өткізу жоспарлануда, оның ішінде 60 пайыздайы тікелей және 40 пайыздайы онлайн форматтағы кездесулер. Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздік ережелері сақталатын болады. Бекітілген кестеге сәйкес белсенді фаза Казталов елді мекенінде басталады және одан әрі  тізім бойынша жалғасады - деді.

Штаб таныстырылымы барысында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары кезіндегі міндеттері түсіндіріліп, атқарылатын жұмыстар талқыланды.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
194

Білім беру саласының өкілдерімен кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың білім беру саласының өкілдерімен кездесуі өтті, оған сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары түсіндірілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының қатарына қосылуға ниет білдірген аудандық колледж қызметкерлеріне партия билеттері табысталды.

0
0
237