Үміткерлер аудандық «Қазпошта» ғимаратында аудан тұрғындарына түсінік жұмыстарын жүргізді.
САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР
11 желтоқсан күні 10 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына орай «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Есбол Сақауов, Гүлдана Даулетова аудандық «Қазпошта» байланыс-торабы ғимаратында аудан тұрғындарына түсінік жұмыстарын жүргізді. Атаулы жұмыстар барысында сайлаудың маңыздылығы ескеріліп, еліміздің болашағын қалыптастыру жолында дұрыс таңдау жасауымыз керектігі түсіндірілді.
