2021 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында өтетін сайлауға партиялардың агитациялық кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылдың қазан айының 21 жұлдызында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын.
2021 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында өтетін сайлауға партиялардың агитациялық кезеңі басталды.
Осыған орай «Nur Otan» партиясынан Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар ұлттық ғылыми-медициналық орталығының ұжымымен агитациялық онлайн Zoom форматында кездесу өткізді.
Кездесу аясында Нұр-Сұлтан қаласы №6 қалалық емханасының бас дәрігері Динара Сәтжанқызы, «Олимп» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов, сондай-ақ, Динара Аманболқызы – Ұлы Отан соғысының мүмкіншілігі шектеулі жандар клиникалық орталығының басшысы қатысып және де ұлттық ғылыми- медициналық орталықтың ұжымы өздерінің сұрақтарын қойып тұщымды жауап алды.
Кездесу аясында мекеменің 50 белді қызметкерлері қатысып, аталған кандидаттардың мағыналы баяндамаларына ұсыныстарын айтты.
