Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлауалды штабының жұмыс барысы таныстырылды.

ШТАБТЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

11 қараша күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының аумақтық сайлауалды штабының жұмыс барысы таныстырылды.

«Өздеріңіз білетіндей, 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Біздің филиал толық дайын: барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалды. Аумақтық сайлау комиссиясында біздің 22 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Оның ішінде 19 адам праймериз жеңімпазы, 3- адам партия филиалының квотасы бойынша. Партия басшылығының тапсырмасы бойынша біздің аудандық сайлауалды штаб құрылды. Штаб құрамына біздің ауданның тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығының22 кандидатыда бар. Штабтың 15 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие», - деді аумақтық сайлауалды штаб жетекшісі Ерболат Бекмулдин.

Алғы сөзден кейін Ерболат Мұратқалиұлы штаб құрамы мен штабтың жұмыс барысымен таныстырды.

- Арнайы құрылған желілік кестеге сәйкес 141 іс – шара, 23 көшпелі іс – шара өткізу жоспарлануда, оның ішінде 60 пайыздайы тікелей және 40 пайыздайы онлайн форматтағы кездесулер. Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздік ережелері сақталатын болады. Бекітілген кестеге сәйкес белсенді фаза Казталов елді мекенінде басталады және одан әрі тізім бойынша жалғасады - деді.

Штаб таныстырылымы барысында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары кезіндегі міндеттері түсіндіріліп, атқарылатын жұмыстар талқыланды.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
147

Осы тақырып бойынша

Сайлауалды штабының жұмыс барысы таныстырылды. - Yvision.kz