Жаңа
Қайырлы Аманкелдіұлы "Ақбәдеш" шаруа қожалығымен "ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ өткізді
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қайырлы Аманкелдіұлы "Ақбәдеш" шаруа қожалығымен "ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ" өткізді. Кездесу барысында өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тұрғындардың түрлі сұрақтарына жауап берді.
Әйелдердің жан-жақты дамуына жағдай жасаймыз!
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар тұрғындар арасында үгіт-насихат кездесуін өткізді
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Б.Сұлтанов, қ.Рысқалиев, Э.Хайрулиналар тұрғындар арасында үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кездесу барысында 2025 жылға дейінгі 7 нақты міндеттер қамтылған сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Құрметті Құрманғазылықтар және ауыл қонақтары!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы - 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге және отбасыңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Құрметпен, «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Өтегенұлы Есенғазиев
Үміткерге сауал қой!
Халықты әлеуметтік қолдау. Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қадағалау жүргізу. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.
«Nur Otan» партиясының кандидаты ретінде мен қоғамда орын алған келелі мәселелердің шешілуіне үлес қосуды көздеймін.
Ертең, 15 желтоқсан күні, сағат 14:00-де тікелей эфирде жүздесіп, пікірлесейік. Сіздерден нақты сауалдар мен ұсыныстар күтемін.
@oral_nurotan
Тәуелсіздік - еліміздің басты құндылығы
Тәуелсіздік бізге не берді?
Бұрын "Қазақстан" деген елдің барын әлем түгел білген жоқ. Біз Одақтың шекпенінің астынан көрінбейтінбіз. Бір провинциясы сияқтымыз. Географиялық картада бармыз, бірақ, кейде оған да "СССР" деп қызғылт түспен белгіленген ел түсіп, біз мүлдем жоғалып кететінбіз. Басшыларымыз, Алматы қаласындай астанамыз сөз жүзінде бар болғанымен, билікті өзімізге бермеді. Бәрі Мәскеу арқылы шешілді. Біздің басшыларымызды да Мәскеу ауыстыратын. Өзіміздің таңдауға еркіміз жоқ. Қатыгез өгей шешенің тәрбиесіндегі жетім ұл сияқтымыз. Бас көтерсек, тоқпақтайды. Қыран қанаты талар ұлан-байтақ жеріміз болғанымен атамекенімізде басқа ұлттардан аз едік. Облыс орталығы Гурьев қаласы (қазіргі Атырау) мұнайлы өңірде орналасса да, көшелерінің көбінде асфальт жоқтығынан жаңбыр жауса ми батпаққа айналатын. Ал, біздің ауданның орталығы Ганюшкин (қазіргі Құрманғазы) ауылының көшелерімен көлік жүрсе, шаңы аспанға шапшып жататын. Адамдар таң атысынан күн батқанға дейін бел жазбай еңбек етеді. Алатыны бір жалақы. Көлік алу үшін, тіпті мотоциклге де кезекке тұрады.
Қазір ше? Әлем бізді Тәуелсіз ел ретінде мойындады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы ішкі және сыртқы саясатының арқасында көп нәрсеге қол жеткіздік. Солтүстігіміздегі бәрін таптай салуға әзір алып аю мен шығыстағы жұта салудан тайынбайтын аждаһаның ортасында тұрып бейбіт өмір кешу көрегенділік. Халықаралық аренада да беделіміз артты. ЕҚЫҰ, Ислам конференциясы сияқты халықаралық ұйымдарға төрағалық еттік. Ішкі саясат та барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталды. Осы орайда қабылданған түрлі бағдарламалар өз жемісін берді. Жыл сайын жалақы, зейнетақы, жәрдемақы өсірілді. Әлемді жайлаған дағдарыстар кезінде де Қазақстан өз азаматтарының иығына тұрмыс тауқеметін түсірмеді. Бүгінде Атырау бірнеше көпірі бар, зәулім ғимараттар бой көтерген, шын мәніндегі мұнайлы астанаға айналды. Құрманғазы ауылының да көптеген көшелеріне асфальт төселіп, архитектуралық кескін-келбеті шырайлана түсті. Қазір еңбек етсең, қалай тұрамын десең де өз еркің. Кәсіпкерлікпен айналысып, жағдайын жақсартқандар жеткілікті. Адамдар от жағып, күл шығарудан құтылды. Көгілдір отын келіп тұр. Алыстағы Азғырға да газ барды. Иінағашпен бұрынғыдай жағадан су тасымайсың. Ауыз су үйге тартылған. Тәуелсіздік жылдарында көптеген жаңа жұмыс орындары ашылды. Жұмыссыздар да қамқорлықсыз қалып отырған жоқ. Көше толған көлік. Неше түрін табасың. Осының бәрі бұрын болды ма? Бұл тек Тәуелсіздік сыйлаған жетістіктердің бетінен жұқалап қалқып отырғанымыз. Бәрін жазсам бір постыға сыймас.
Енді, "Игі істерге ұйытқы болған кім?",деген сұрақ туындары хақ. Оған "Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев", деп жауап беретініңізді білемін. "Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас", демей ме бабаларымыз? Нұрсұлтан Әбішұлы "Nur Otan" партиясының төрағасы. Демек, ел игілігін көріп жатқан жұмыстардың басында осы партия тұр. Жақсы істер алға қарай да жалғасын тапсын десеңіздер, барлығыңызды да "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын. Келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Мәңгілік елге айналып, көк байрағымыз қалықтап, Әнұранымыз шарықтап, ісіміз алға басып, даңқымыз алты құрылыққа асып, әлемде мерейіміз үстем бола берсін!
"Есіктен есікке" акциясы жалғасуда
Бүгін Кушум ауылдық округінде аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Сундетов Е.У.,Байгуатова А.Н., Есмагамбетова Э.Е,Герасимов А.В .,Стародубец В.В «Есіктен есікке» акциясы аясында алдағы 10 қаңтардағы мәжіліс, облыс және аудандық мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға және «Nur Otan» партиясын қолдауға шақыру мақсатында тұрғындармен кездесті.Үгіт насихат материалдарымен таныстырды. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану.
Қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Е.Қалиев өңірімізге танымал азаматтардың үйлерінде болды
Бүгін "Nur Otan" партиясы атынан Орал қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Е.Қалиев өңірімізге танымал азаматтардың үйлерінде болды. Жүздесу барысында үміткер партияның сайлауалды бағдарламасымен және күні бүгінге дейін партия тарапынан жасалған жұмыстармен таныстырды.