16 желтоқсан Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Құрметті Құрманғазылықтар және ауыл қонақтары!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы - 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге және отбасыңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Құрметпен, «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Өтегенұлы Есенғазиев
