"Есіктен есікке" акциясы жалғасуда
Бүгін Кушум ауылдық округінде аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Сундетов Е.У.,Байгуатова А.Н., Есмагамбетова Э.Е,Герасимов А.В .,Стародубец В.В «Есіктен есікке» акциясы аясында алдағы 10 қаңтардағы мәжіліс, облыс және аудандық мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға және «Nur Otan» партиясын қолдауға шақыру мақсатында тұрғындармен кездесті.Үгіт насихат материалдарымен таныстырды. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану.
