Мазмұнға өту

Жаңа

Жетімдер үйін жойып, ана мен бала денсаулығын бақылауға аламыз!

Өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында «Nur Otan» партиясы Көкшетау аумақтық филиалында қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер кандидаттар Zoom платформасы арқылы халықпен жүздесті. Көпбалалы аналар, жетім балаларды қамқорлығына алғандар өз сауалдарын жолдап, нақты әрі тұшымды жауап алды.Көкшетау қалалық мәслихатына кандидат «Аналар үйі» дағдарыс орталығының үйлестірушісі Құралай Жұмабекова өз балаларымен қоса тағы бес жетімекті бауырына басып отыр. Сайлауалды бағдарламасы да елімізде балалар үйін жойып, әр жетімекті отбасылардың асырап алуына мүдделі. Өзі жетекшілік етіп отырған орталықтағы әйелдердің тең жартысы жетім балалар үйінен шыққандар. Олардың барар жері, басар тауы қалмаған. Шарасыздықтан «Аналар үйін» паналап отыр. Бірақ ол үйде жарты жылдан артық тұруға болма…

0
0
187

Бауыржан Байбек Түркістанда «Jas Otan» белсенділерімен кездесті.

Бауыржан Байбек Түркістанда «Jas Otan» белсенділерімен кездесті.«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары жастарға партияның үгіт-насихат жұмыстарына атсалысқандары үшін алғыс айтты.«Алда жасотандықтар партия белсенділерімен бірге 6 миллиондай үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысады. Тек алғашқы бірнеше күннің ішінде 1,3 млн. постер мен брошюралар үлестірілді», - деді Б.Байбек.Жуырда Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның жастар қанатының V Съезі өтті. Онда таяудағы 5 жылға арналған нақты нысаналы көрсеткіштері бар «Jastar Otanga» бағдарламасы қабылданды.«Қашанда жастар – кез келген елдің болашағы. Сондықтан да олардың өз қабілеттерін іске асыруларына жағдай жасау, сапалы білім алуына жол ашу, бос уақыттарын тиімді өткізіп, жұмыс…

0
0
184

Нақты істер: қысқа да нұсқа

2021 жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл сайлау науқаны ел үшін қиын кезеңде өтіп жатыр. Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы жаңа қиындықтар туғызуда. Бірақ біз барлық сынақты бірге еңсеріп, жеңіске жететінімізге сенімдіміз!Жыл бойы жүргізілген «партияны қайта жандандыру» жұмыстары «Nur Otan»-ның мүшелерін жұмылдырып, азаматтардың мүддесі үшін атқарылып жатқан жұмысты күшейтуге мүмкіндік берді.Осы орайда сіздердің назарларыңызға партия жайында хабардар ететін роликті ұсынбақпыз. Бейнероликте партия қатарында кімдер бар, партиялықтар отандастары үшін не тындыруда, сайлауалды бағдарламасында партия не ұсынатындығы түсінікті түрде толық баяндалған.Ең алдымен, бүгінде «Nur Otan» – қоғам мен билік арасындағы нақты көпір. Партия мүшелерінің жалпы са…

0
0
159