Мазмұнға өту

Жаңа

Жетімдер үйін жойып, ана мен бала денсаулығын бақылауға аламыз!

Өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында «Nur Otan»  партиясы Көкшетау аумақтық филиалында қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер кандидаттар Zoom платформасы арқылы халықпен жүздесті. Көпбалалы аналар, жетім балаларды қамқорлығына алғандар өз сауалдарын жолдап, нақты әрі тұшымды жауап алды.

Көкшетау қалалық мәслихатына кандидат «Аналар үйі» дағдарыс орталығының үйлестірушісі Құралай Жұмабекова өз балаларымен қоса тағы бес жетімекті бауырына басып отыр. Сайлауалды бағдарламасы да елімізде балалар үйін жойып, әр жетімекті отбасылардың асырап алуына мүдделі. Өзі жетекшілік етіп отырған орталықтағы әйелдердің тең жартысы жетім балалар үйінен шыққандар. Олардың барар жері, басар тауы қалмаған. Шарасыздықтан «Аналар үйін» паналап отыр. Бірақ ол үйде жарты жылдан артық тұруға болмайды. Жалғызбасты аналардың ары қарайғы тағдыры ешкімді алаңдатпайды.

Сол сияқты жетім балалар да 18 жасқа дейін мемлекет қарауында болып, одан кейін өз күнін өзі көруге мәжбүр. Осы және тағы да басқа түйткілді мәселелерді кандидат күні ертеңдері депутат бола қалса, жоғарғы жаққа жеткізіп, заңға өзгеріс мен толықтырулар енгізуге жұмыс істемек. Құралай Жұмабековаға сауалдарын жолдаған көпбалалы және жетімектерді бауырына басқан аналардың да көтерген мәселесі осы болды. Көкшетау қалалық емхананың бас дәрігері, қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер Ғалия Сабатаева да халық денсаулығына алаңдайды. Ол жетекшілік ететін мекемеге емделуге келетіндердің бәрінің бірдей жағдайы мәз емес.

Тұрмысы ауыр, әлеуметтік жағдайы төмен отбастары өте көп. Олардың мәселесін назарға алу керек. Сонда ғана денсаулықтары дұрыс болады. Ал, халықты қабылдайтын учаскелік дәрігерлердің жетіспеушілігі – өзекті. Жылдың соңына дейін тағы 6 учаскелік дәрігер жұмысынан кеткелі отыр. Бұл дегеніміз 12 мың адамның маман кеңесінен қалыс қалу қаупін төндіруде. Жалпы бюджеттен бөлінетін қаржының көп бөлігі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартатын жәрдемақыларға жұмсалғаны жөн.

Дәл осындай ойды «Ақай» сән үйінің директоры Ғалия Алдабергенова да айтты. Ол мемлекеттік бағдарламалар бизнес бастағысы келетін аналарға бағытталуы тиіс дейді. Әсіресе, көпбалалы аналарға қолдау аса қажет.  «Nur Otan»  партиясы Көкшетау аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Олжабаева алдағы сайлау көп мәселені шешетін дода деді. Сондықтан бағдарламасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған осы саяси партияға дауыс беру керек. Бүгінгі күні «Nyr Otan»  партиясының атқарып отырған жұмысы ауқымды.

Елде болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер, табыстар мен жеңістердің бәрі осы саяси ұйымның бастамасымен жүзеге асып, мемлекеттік бағдарламардың дұрыс орындалуы осы саяси ұйымның бақылауында. Елімізге жайылған індет кезінде нұротандықтар жалғызбасты қарияларды, тұрмысы төмен отбастарын, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға қол ұшын созып, азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен уақытында қамтамасыз етіп тұрды. Бұл жұмыстарға жастар мен еріктілер бір кісідей жұмылды. Сондықтан бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымшылдықпен халық үшін жұмыс істеп жатқан парияға дауыс беріңіздер деді кандидаттар.

0
0
205

Бауыржан Байбек Түркістанда «Jas Otan» белсенділерімен кездесті.

Бауыржан Байбек Түркістанда «Jas Otan» белсенділерімен кездесті.

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары жастарға партияның үгіт-насихат жұмыстарына атсалысқандары үшін алғыс айтты.

«Алда жасотандықтар партия белсенділерімен бірге 6 миллиондай үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысады. Тек алғашқы бірнеше күннің ішінде 1,3 млн. постер мен брошюралар үлестірілді», - деді Б.Байбек.

Жуырда Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның жастар қанатының V Съезі өтті. Онда таяудағы 5 жылға арналған нақты нысаналы көрсеткіштері бар «Jastar Otanga» бағдарламасы қабылданды.

«Қашанда жастар – кез келген елдің болашағы. Сондықтан да олардың өз қабілеттерін іске асыруларына жағдай жасау, сапалы білім алуына жол ашу, бос уақыттарын тиімді өткізіп, жұмыспен қамту мәселелері - «Nur Otan» партиясы үшін әрдайым басымдықта», - деп атап өтті партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, қажеттілігі басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар санын 50%-ке көбейту, студенттер стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттардікін - 1,5 есе көтеріп, колледждер мен университеттер жатақханаларында жаңадан кемінде 50 мың орын енгізу көзделуде.

Сондай-ақ, жылына орташа алғанда 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасы іске қосылады. Жас кәсіпкерлерге бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жылына 10 мың грант беріледі.

Ауылдық жерлерде спорт нысандары мен алаңдарын, 450 мыңнан астам жасты қамтитын заманауи демалыс орындарын салу жоспарланған.

«Бәріміз бірлесе отырып алға қойған барлық міндетті іске асыратынымызға сенімдімін», - деп қорытындылады Б.Байбек.

0
0
195

Нақты істер: қысқа да нұсқа

2021 жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл сайлау науқаны ел үшін қиын кезеңде өтіп жатыр. Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы жаңа қиындықтар туғызуда. Бірақ біз барлық сынақты бірге еңсеріп, жеңіске жететінімізге сенімдіміз!

Жыл бойы жүргізілген «партияны қайта жандандыру» жұмыстары «Nur Otan»-ның  мүшелерін жұмылдырып, азаматтардың мүддесі үшін атқарылып жатқан жұмысты күшейтуге мүмкіндік берді.

Осы орайда сіздердің назарларыңызға партия жайында хабардар ететін роликті ұсынбақпыз. Бейнероликте партия қатарында кімдер бар, партиялықтар отандастары үшін не тындыруда, сайлауалды бағдарламасында партия не ұсынатындығы түсінікті түрде толық баяндалған.

Ең алдымен, бүгінде «Nur Otan» – қоғам мен билік арасындағы нақты көпір. Партия мүшелерінің жалпы саны 800 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл – 4,5 мың бастауыш партия ұйымы мен 247 партия филиалы.

Еліміздің көптеген тұрғындары үшін «Nur Otan» өзекті мәселелерді шешуде соңғы инстанция болып отыр. 2016 жылдан бастап партияның қоғамдық қабылдаулары 1,2 млн. өтінішті қарады. Олардың басым бөлігі, яғни 92%-ы оң шешімін тапты.

Партияның қазіргі ұсынып отырғаны нақты іс-қимыл жоспары – «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» республикалық бағдарламасы. «Nur Otan» мұнымен ғана шектелмей, әр облыс, қала мен аудан үшін 216 сайлауалды бағдарламасын әзірледі. Ол үшін халықтың 17 мыңнан астам ұсынысы мен аманаты жиналды.

0
0
170