Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясының МО сайлауалды штабының мүшелері тұрғындармен кездесуді жалғастыруда

10 желтоқсанда Қазақстанда саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Әрбір партия тұрғындарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырады. 12 желтоқсанда ҚР Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Самат Мұсабаев, аудандық мәслихатқа кандидат Ерлан Тәжібаев пен Гүлшат Мұқанова Қарақия ауданы Жетібай ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кандидаттар 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін ҚР Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардағы сайлау туралы айтып, "Nur Otan" партиясының бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды. Олар өз сайлаушыларымен сөйлесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Осылайша, ауыл тұрғындарымен кездесу барысында әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселелері басты назарда болды және кандидаттар ауыл тұрғындарын толғандыратын көптеген сұ…

0
0
136

«Өзенмұнайгаз» жұмысшыларымен кездесу

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының екінші күні, яғни 12 желтоқсанда Жаңаөзен қаласының мұнайшыларымен кездесу ұйымдастырылды.Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Болат Бекжанов пен Рзабек Сарманов және қалалық сайлауалды штаб мүшесі Жеңісбек Сүлейменов «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға қарасты «ТрубРемЦентр» ЖШС-да болып, құбыр цехының жұмысшыларын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.Алдымен 2020 жыл әлем халқы үшін үлкен сынақ болғаны айтылып, көптеген мәселеге жекелей қарауға әрі адамның өмірі мен денсаулығы – мемлекет үшін маңызды екенін тағы бір мәрте аңғаруымызға септігі тигенін жеткізді. Карантин шараларына қарамай, партия жұмыс істеуін тоқтатқан емес. Елбасы тапсырмасымен республика көлемінде Birgemiz акциясы жүргізіліп, нәтижесінде облыс бойынша әлеуметтік әлсіз топқа жататын…

0
0
180

"Кандидатқа сұрақ қой" жобасы аясында ҚР Мәжіліс​ депутатына үміткер С.Б.Мусабаев​

"Кандидатқа сұрақ қой" жобасы аясында ҚР Мәжіліс​ депутатына үміткер Самат Базарбайұлы Мусабаев​ тікелей эфир жүргізді. Эфир Самат Базарбайұлының​ фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында өтті.

Қабылдау барысында өңірдегі газ мәселесі, жастарды баспанамен,​ жұмыспен қамту әрі​ денсаулық мәселесі​ және де тағы басқа мәселелерге байланысты сұрақтар қойылды. Оған қоса партияның сайлауалды бағдарламасы туралы сөз қозғалды. Тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берілді.

0
0
160

«Есіктен есікке» шарасы жалғасын тапты

«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке» акциясы бойынша облыстық сайлауалды штабтың басшысы Елубай Әбілов пен ҚР Мәжілісі депутатына кандидат Самат Мұсабаев бүгін Мұнайлы ауданында болды.Акция барысында аудан халқының шаңырақтарына арнайы барып, партияның жетістіктері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. 2007 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен құрылған Мұнайлы ауданы бүгінде өмір сүруге қолайлы өңірге айналып келе жатқаны сөз етілді. Қандастарымыздың ең көп шоғырланған ауданның дамуына ерекше мән беріліп, инфрақұрылымы толықтай жүргізілген, жолдар кезең-кезеңімен салынуда, мектеп-балабақшамен толық қамтылған, медициналық орталықтар да аудан халқының өсуіне орай бой көтеруде екені жеткізілді. Сондай-ақ аудан…

0
0
169

Маңғыстауда «Есіктен есікке» акциясы өтуде

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Nur Otan партиясының аудандық сайлау сайлауалды штабының мүшелерінің қатысуымен «Есіктен есікке» акциясы өтті.«Есіктен есікке» акциясы барысында Түпқараған ауданының сайлауалды штабының төрайымы Светлана Жолдасова мен аудандық штаб мүшелері Ақшұқыр ауылының №2 және 5 кварталдарына барды.Акция аясында белсенділер Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, тұрғындарға алдағы сайлау туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, «Қазақстанның 7 басты жетістігі», «Nur Otan партиясына дауыс бер», «Біз бірге жаңа жетістіктерге жетеміз!» тақырыптарында үгіт-насихат материалдарын таратты.Бүгінде Ақшұқыр ауылында 11 205 адам тұрады. Ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын және қызықтыратын көптеген сұрақтар қойды және өз тілектерін жеткізіп ұсыныстарымен бө…

0
0
138

Елдің еңселі болашағы үшін нық қадам!

«Nur Otan» партиясының облыстық және Көкшетау қалалық филиалдары атынан мәслихат депутаттығына кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламаларын насихаттап, халықты 10 қаңтарда өтетін сайлауға дауыс беруге шақыру мақсатында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында тұрғындармен кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясының Ақмола және Көкшетау қалалық филиалдарының депутаттығына кандидаттар Сергей Кистин, Роза Арыстанқызы, Әсия Шәрімова және алғаш рет депуттатыққа түсіп отырған Айдын Райысов пен Гүлмира Құсайыновалар партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген жеті басым бағыттағы міндеттерге жан-жақты тоқталып, еліміздің басты қадірлі де қасиетті мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-ның басшысы Сергей Кистин тәуелсізді…

0
0
1997

Үгіт-насихат жұмыстары Қарақия ауданында жалғасуда

10 желтоқсан 18.00-де елімізде алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары басталды. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысында саяси науқанды жанды форматта жүзеге асыруда. Үгіт-насихат жұмыстарына партияның облыстық филиалы, депутаттыққа үміткерлер белсенді атсалысуда.13 желтоқсан күні Қарақия ауданында сайлауалды штаб мүшесі Таджибаев Ерлан Жетібай ауылының тұрғыны Жалекеев Нурхат деген азаматтың үйінде канвассинг (кездесу) өткізді. Кездесу барысында Жалекеев Нурхат өзінің тұратын Жаңақұрылыс көшесінің жарық мәселесін қозғады. Көшеде жарық шамдарын ауыстырып беруін өтінді. Және де кәсіпкерлер атынан жалға алатын ғимараттардың газ, су, электр энергиясы ақшасының екі есе қымбат екенін ескере кетті, сол бойынша бағаны халыққа…

0
0
157