Аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткер Б.Умбетов аудандық «Қазпошта» АҚ ұжымымен кездесу өткізді
Аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткер Б.Умбетов Аягөз аудандық «Қазпошта» АҚ ұжымымен партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелері мен басты бағыттарын түсіндіру бойынша Zoom платформасында онлайн кездесу өткізді. Бағдарламада тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау бойынша жоспарланған шаралар ескерілгені атап өтілді.

