“Өзенмұнайгаз” компаниясының жұмысшыларына сайлауалды бағдарлама таныстырылды.
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жөнінде Жаңаөзен қаласының мұнайшыларымен кездесу ұйымдастырылды. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Болат Бекжанов пен Рзабек Сарманов және қалалық сайлауалды штаб мүшесі Жеңісбек Сүлейменов “Өзенмұнайгаз” АҚ-ға қарасты «ТрубРемЦентр» ЖШС-да болып, құбыр цехының жұмысшыларын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Алдымен 2020 жыл әлем халқы үшін үлкен сынақ болғаны айтылып, көптеген мәселелерге жіті мән беріліп, адамның өмірі мен денсаулығы – мемлекет үшін маңызды екенін жеткізді. Карантин шараларына қарамастан, партия өз жұмысын адал жалғастыруда.
Әлемді жаулаған індет кезінде, Елбасы тапсырмасымен республика көлемінде «Birgemiz» акциясы жүргізіліп, нәтижесінде облыс бойынша әлеуметтік әлсіз топқа жататын 7 санаттағы 28304 адамға қаржылай көмек көрсетілді. Одан бөлек жеке кәсіпкерлер, ерікті тұрғындардың көмегімен 10 мыңдай отбасыға азық-түлік салынған себеттер үлестірілді. Ел басына қиын қыстау кезең туғанда халықпен бірге болған партия, алдағы уақытта да мемлекетіміздің дамуы жолында бірге болуды нақты мақсат етіп қойып отыр. Осы орайда жиынға қатысушылардан партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдауға шақырды.
