Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кандидаттар ZOOM платформасында білім саласының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

2020 жылы 15 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Мамирова Меруерт Мағрұпқызы, Шаяхметов Қайрат Үлгіліұлы, Чагин Антон Олегович ZOOM платформасында Саран қаласы білім саласының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізіп, іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен таныстырды.

Сөзінде олар «Сапалы, заманауи білімнің барлық деңгейіне қолжетімділікті қамтамасыз ету - қаламыздың одан әрі дамуы үшін маңызды жағдай.

COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. Короновирустың таралуымен күресуге күш салу үшін 2020 жылы 5,2 мың мектеп оқушысы мен 1,6 мың ТжКБ жүйесінің студенттері қашықтан оқудың жаңа форматына көшті.

Білім беруге қолайлы жағдай жасау, материалдық-техникалық базаны нығайту және білім беру сапасын арттыру қажет»,- деп атап өтті..

Кездесу соңында білім қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
152

Осы тақырып бойынша

Кандидаттар ZOOM платформасында білім саласының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. - Yvision.kz