Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясының "есіктен-есікке " акциясы аясында кезекті кездесу өз жалғасын тапты

Бүгінге кездесу бағыты Канвассинг қағидасымен ұйымдастырылды. Оған Мәжіліске облыстық,аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айтпай Фандыбайұлы мен Асылбек Мұхитұлы,C.Қадіров К.Рейимов қатынаса отырып, "Nur Otan" партиясының есіктен-есікке акциясы аясында Тыл ардагері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы болған қоғамға белгілі қайраткер Т.Қадіров пен көпбалалы ана Н.Дүйсенғалиеваның отбасында кездесу өткізді. Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, қазыналы қарттарымыздың қоғамдағы алар орны ерекше , абыройы айқындығы жайында әңгіме дүкен құрды.Кездесу соңында ардагерлеріміз Халық пен билік ортасында көпір болып келе жатырған бастаушы партияның әрбір ісін түбегейлі қолдайтындығын жеткізді. Сондай-ақ, үміткерге еліміздің өркендеу жолында аянбай еңбек етуіне өз тілектерін білдіріп,ақ баталарын жаудырды.

0
0
127

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясының "есіктен-есікке " акциясы аясында кезекті кездесу өз жалғасын тапты - Yvision.kz