16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік – бұл біздің ең қастерлі де қасиетті, баға жетпес құндылығымыз!
Біз қазір тәуелсіздіктің 30 жылдығына қарай қадам басып тұрмыз. Бұл тарихи тұрғыдан алғанда аз уақыт болғанымен, дербестігімізді алған осы кезең ішінде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен ғасырға бергісіз жолды жүріп өттік.
Бұл күн – бабаларымыздың сан ғасырлық арман-тілегі орындалған Ұлы Күн! Шекарамыз шегенделіп, Туымыз төрге ілініп, Әнұранымыз асқақтап, Елтаңбамыз елдігімізді көрсеткен Ұлық Күн!
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, Тәуелсіздігімізді сақтау, елімізді, ауданымызды өркендету жолында аянбай еңбек етейік дегіміз келеді.
Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілейміз.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын!
Құрметпен, "Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиалының ұжымы.
