Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлық бұралаң әрі қиын жолмен жүріп өтті. Адам баласы сияқты, мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағаны аттайды. Біріншісі – жарық дүниенің есігін ашу, екіншісі – ересек өмірдің табалдырығын басу. Екеуі де – қайталанбас, қастерлі мезеттер. Бұл – Әбу Насыр әл-Фарабидің айтып кеткен орамды сөзі, өнегелі өсиеті.

Тәуелсіздігімізді орнықтырудың ең қиын жылдарында халықтың кемелдігі мен Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың кемеңгер саясатының нәтижесінде ортақ мақсаттар жолында жұдырықтай жұмылған баршамыз Тәуелсіз мемлекетімізді бірлесіп құруға мүмкіндік алдық.

Осылайша, Қазақстан әлемдік тарих бетінде Тәуелсіз Ел ретіндегі жаңа парақтарын бастады. Бүгінде ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың бағындырған белестері, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің толағай табыстары орасан. Тілегі татулыққа негізделген қазақ елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды.

Осы уақыт ішінде мемлекетіміздің экономикасы қарыштап даму үстінде болып, көп ұлтты, бірлігі жарасқан, ынтымағы бекем, келешегі кемел ел болдық.

Құрметті тәуелсіз елдің азаматтары!

Сіздерді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз баянды болғай!

"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
377

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! - Yvision.kz