Мазмұнға өту

Жаңа

Парасатты және зияткер қоғам

Қазір әлемде интеллектуалдық және рухани әлеуеті жоғары азаматтар – кез келген мемлекет пен ұлттың тұрақты дамуының басты кепілі.Әрбір азамат жаңа білімге ұмтылып, тұрақты түрде дамуы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, қоршаған ортаны қорғауы қажет. Біз осынау талпыныстарды қызу қолдаймыз. ПАРАСАТТЫ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕР ҚОҒАМ Партиямыз мәдени құндылықтарымыздың сақталуы мен өркендеуін ұдайы қолдайды. Өйткені ол – қоғамымыздың құнды қазынасы. Біз шығармашылық пен өнер өкілдерінің, жас ақындар мен жазушылардың, драматургтердің, сценаристер мен публицистердің, сондай-ақ киноиндустрия, мұражайлар мен кітапхана өкілдерінің жетістіктерін айтыс, мүшайра, жыр-терме, конкурстар, фестивальдар, әдеби оқулар, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар және басқа да іс-шаралар өткізу арқылы ілгерілететін бол…

0
0
253

2020 жыл 12 желтоқсан күні аудандық маслихат депутаттығына кандидат

2020 жыл 12 желтоқсан күні аудандық маслихат депутаттығына кандидат Амангельдин А.Д онлайн форматта тікелей эфирде желі қолданушыларымен кездесті . Амангельдин А.Д өз сөзінде алдағы уақытта атқаратын жұмыстардың маңызды екендігін жеткізді . Сонымен қатар 2021-2025 жылдарға жоспарланған сайлауалды бағдарламамен қысқаша таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Желі қолданушылары көкейтесті сұрақтарын қойып белсенділік танытты.

0
0
151

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанына ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бейімдеу жұмысы жүргізіледі.Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін, оның ішінде пандустармен, бейімделген лифттермен, дәретханалармен, зағиптарға арналған бағыттаушы белгілермен қамтамасыз етуді қоса алғанда инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғастырылады. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанына ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту, қоғамда оларға сыйластықпен және құрметпен қарым-қатынас жасауды қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Мүгедектерді жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықт…

0
0
160

Аға ұрпаққа қамқорлық

Ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау – біздің ортақ міндетіміз. Оларға қолдау көрсету ұдайы партия назарында.«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында біз медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырамыз, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасаймыз. Барлық жалғыз басты және аса мұқтаж қарт азаматтарға атаулы көмек көрсетіледі. Біз ынтымақты зейнетақыға жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ке индексация жүргіземіз. Зейнетақыны ресімдеу мен тағайындау жөніндегі барлық рәсімдер проактивті форматқа көшіріле отырып, электронды түрде көрсетілетін болады. Қарттардың ауруларын емдеуге маманд…

0
0
208

Болашағына сенімді жастар

Біз – жас ұлтпыз. Еліміздің әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған.Жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне мүмкіндігі болуы тиіс. «Jas Otan» жастар қанаты 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға» бағдарламасын әзірледі, онда жастардың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік ахуалын жақсарту және дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша 100 нақты шара қамтылған. «Nur Otan» партиясы алға қойылған міндеттерді іске асыруға жәрдемдеседі.Баршаға қолжетімді білім Біз сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын 50%-ке көбейтеміз. 2025 жылға қарай жастардың барлығы колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім ала алатын болады. Біз 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту…

0
0
156

Бақытты балалар

Біз әр баланың толыққанды өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуді, оның құқықтарын қорғауды, жақсы тәрбие мен білім алу мүмкіндігін қолдаймыз.2025 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100%, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 95% мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтамасыз етіледі. Бала-бақшаға кезекке қою тәртібі толығымен цифрландырылады. Ата-аналарға «балаға қаражат» принципі бойынша кез-келген бала-бақшада орын таңдау үшін ваучерлер беріледі. Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды ерте жасынан бастап әлеуметтік ортаға бейімдеуге, оларды мектепке даярлауға бағдарланады. Балаларға сапалы білім беру 2025 жылға қарай біз 800 жаңа мектепті салу есебінен апаттық және үш ауысымды мектептердің проблемасын түбегейлі шешеміз, сондай-ақ барлық мектептерді мұғалімдермен 100% қамтамасыз ете…

0
0
176

Табысты әйелдер

Елдің қоғамдық-саяси өмірінде әйелдердің рөлін арттыру, олардың қабілеттерін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау – біздің саясатымыздың басымдықтарының бірі.Әйелдерді өкілдік етуші органдарға ұсыну үшін «Nur Otan» өзінің партиялық қатарына кем дегенде 30% әйелдерді қосады. Атқарушы, өкілді, сот органдары басшылығындағы және квазимемлекеттік сектордағы әйелдердің үлесі 30%-ке дейін ұлғаяды. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, бизнесті қолдау бағдарламаларының шеңберінде жеңілдікпен кредиттер және гранттар беру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыру орталықтары ашылады. Өңірлер, қалалар мен аудандар бойынша жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтерге, түрлі мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік шегінде гендерлік қажеттіліктер мен сұраныстар картасы әзірленеді. Әйелдерді…

0
0
127

Отбасы бақуаттылығы

Отбасы – партиямыздың басты құндылықтарының бірі. Отбасын қолдау және нығайту – еліміздің табысты дамуының кепілі.Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау жасау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады. Біз отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар бойынша барлық міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеміз. Инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу жүргізіледі. Осы мақсатқа 3 триллионнан астам теңге бөлінеді. Экономиканың өсу сапасының негізгі көрсеткіші ретінде қазақстандықтардың табысы мен өмір сүру деңгейінің артуы қарастырылады. Азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарын табысы жоғары қандай құралдарға салу керегін өзі шеш…

0
0
166