Мазмұнға өту

Жаңа

Тұрақты жұмыс орындары

Әрбір азаматтың өзінің еңбек ету құқығын іске асыруға және лайықты төлем алуға мүмкіндігі болуы тиіс.Партияның алдағы 5 жылдағы негізгі міндеті – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау және ұлғайту. Ол үшін келесі шаралар іске асырылады: Жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы аясында 700 мың адам жұмыспен қамтылады. Туризм саласында 170 мың жұмыс орны ашылады. Ауыл шаруашылығында шамамен 100 мың жаңа фермерлік және отбасылық шаруашылық құрылады. Бұл арқылы 500 мың адамға дейін жұмыспен қамтамасыз етіледі. IT-саласында жаңа компаниялар ашу есебінен 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Қашықтан жұмыс істеу, икемді жұмыс кестесі, ішінара жұмыспен қамту cекілді жалдаудың жаңа формалары енгізіледі. «Бастау бизнес» жобасы аясында 5 жыл ішінде 150 мың адам оқытылады. 130 мың жұмыссыз азамат 5…

0
0
158

Қуатты кәсіпкерлер

Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін қысқартып, бизнес үшін кедергілерді жою және бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнестің қызмет алаңын кеңейтеміз.Отандық тауарлар өндірісін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар шикізатпен толыққанды қамтамасыз етіледі. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие халық тұтынатын тауарлар өндірісі артады. Нәтижесінде, өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе өседі. 10 ірі туристік кластерді дамыту есебінен ЖІӨ-дегі туризм үлесі 8%-ке дейін өседі. IT саласындағы деректерді өңдеу және сақтау бағытына инвестициялар 6 есе, яғни 500 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды, сонымен қатар 1000-нан астам жаңа IT-компаниялар құрылады. Жеке бизнес…

0
0
130

Nur Otan сайлауалды штабы Шымкентке келді

Шаһардағы медициналық және әлеуметтік қызметтер сапасын көтеру, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу, оның ішінде жаңадан қосылған аудандарда құрылыс жүргізу мәселелерін талқылау үшін қала тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді.«Nur Otan» партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы 5 жылда Шымкент қаласында сайлауалды бағдарлама аясында 42 мектеп пен 22 медициналық мекеменің құрылысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қала шетіндегі 620 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен, табиғи газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Әсіресе, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға арналған 3 млн. шаршы метр тұрғын үй салуға баса мән беріледі. Ол үшін 3,5 мың пәтер салынады.Сапар барысында сайлауалды штаб мүшелері қаладағы бірқатар кәсіпорындарды аралады. Олардың қатарында «AZALA Textile…

0
0
206

Орнықты экономика

Біз жеке меншікке қол сұғылмауды, ашық бәсекені, макроэкономикалық тұрақтылықты, қолайлы инвестициялық ахуалды және экономиканы әртараптандыруды қолдаймыз.Бұл – кәсіпкерлікті жандандыруға, инвестицияларды өсіруге, елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар. Мемлекет орта таптың тірегі, экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновацияның, жұмыспен қамтудың және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының негізі болатын бизнеске жан-жақты қолдау көрсетеді. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ «Nur Otan» партиясы болашақ ұрпақ үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, бюджеттік шығыстарды оңтайландыруға, Ұлттық қордан қосымша трансферттерді шектеуге ниетті. Біз әлеуметтік, сақтандыру қорларының және Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының қаражаты ескерілетін «кеңейтілген бюджет» енгіземіз. Ағымдағы м…

0
0
125

Қайырымды қоғам – таза экология

Қазір жалпы әлем жаһандық жылыну салдарына, қоршаған ортаның ластануы проблемаларына тап болды.Дамыған мемлекеттер экономика мен қоғамдық сананы «экологияландыруға» және табиғатты қорғау бойынша кешенді шараларды белсенді іске асыруға көше бастады. Осыған байланысты, «Nur Otan» партиясының экологиялық саясаты келесі міндеттерді шешуге бағытталады: Қазақстанның 2050 жылға дейінгі көміртекті аз тұтына даму тұжырымдамасы қабылданады. Ол «жасыл өсім», климаттың өзгеруіне бейімделу және экономиканы декарбонизациялау шараларын қамтиды. Біз шөлейттенудің, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының, Байқоңыр ғарыш айлағының және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтірудің экологиялық мәселелерін шешуді жалғастырамыз. Орал өзені бассейінінің экожүйесін сауықтыру бойынша бағдарлама қабылданады…

0
0
280

Баршаға қолжетімді спорт

Біз спортты дамытуды, салауатты өмір салтын насихаттауды қолдаймыз. Дене шынықтыру еліміздің әрбір азаматының өмір салтының ажырамас бөлігіне айналуы керек.Бұрын кәсіби спорт клубтарына бағытталатын қаражат бұдан былай халықты, бірінші кезекте балаларды дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысуға тартуға қайта бағдарланатын болады. Мұғалімдердің еңбекақысы 2023 жылға қарай 2 есе өседі. Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырғаны және жүргізгені үшін негізгі базалық лауазымдық жалақысынан 100% мөлшерінде қосымша ақы қосылады. Әрбір ауылдық округте спорт инструкторы лауазымы ашылады. Жасөспірімдер мен жеткіншектер клубының саны барлық тірек ауылдарды қамти отыра, 1000-ға дейін ұлғайтылады. Барлық спорт кешендерінде ерекше қажеттіліктері бар ересектер м…

0
0
188

Саламатты ұлт

Пандемия заманауи денсаулық сақтау саласының жүйелі кемшіліктерін айқындады.Азаматтарымыздың денсаулығы – «Nur Otan» партиясының негізгі басымдықтарының бірі. Біз отандық денсаулық сақтау жүйесі білікті кадрлармен, заманауи құрал-жабдықтармен, диагностика және емдеу әдістерімен қамтамасыз етуге бағытталған тиімді шараларды қажет етеді деп санаймыз. Біз медициналық кадрларды оқытудың халықаралық стандарттарына өтеміз, медицина қызметкерлерін, оның ішінде балалар дәрігерлерін қоса алғанда нақты салаға терең бейімделген қызметкерлерді даярлауға арналған гранттар санын өсіреміз. 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өсіп, кем дегенде 550 000 теңге, ал орта медициналық персоналдың жалақысы кем дегенде 190 000 теңге болады. Әрбір өңір дәрі-дәрмектің, медициналық мақсаттағы бұйымдар…

0
0
112

Аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидаттар ауданның этно-мәдени бірлестіктері өкілдерімен...

Аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидаттар ауданның этно-мәдени бірлестіктері өкілдерімен этностар арасындағы бейбітшілікті сақтау және келісімді нығайту мәселесі бойынша кездесу өткізді.

17
0
207

Инвесторларды 2021 жылы не күтіп тұр?

2021 жылы әлем экономикасы дамыған елдердің орталық банктерінің жұмсақ монетарлық саясаты арқасында қалпына келе бастайды. Нарықтарды қозғайтын басты күш - дамыған елдердің орталық банктерінің жұмсақ монетарлық саясаты болып қала бермек. Қазіргі таңда пайыздық мөлшер әлемде өте төмен болып отыр, және осы саясат алдағы 2-3 жылда өзгеріссіз болады. Бұл өз кезегінде нарықтағы активтердің бағасын одан әрі қымбаттата түседі.2021 жылы әлем экономикасы дамыған елдердің орталық банктерінің жұмсақ монетарлық саясаты арқасында қалпына келе бастайды. Нарықтарды қозғайтын басты күш - дамыған елдердің орталық банктерінің жұмсақ монетарлық саясаты болып қала бермек. Қазіргі таңда пайыздық мөлшер әлемде төмен деңгейде, және осы саясат алдағы 2-3 жылда өзгеріссіз болады. Бұл өз кезегінде нарықтағы активт…

0
0
315